Қазақстан Ауғанстанға қару-жарақпен көмек көрсетеді - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ауғанстанға қару-жарақпен көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

ҚР Президентінің атап өтуінше, келіссөздер барысында қазіргі болып жатқан ахуал, Ауғанстанның ішіндегі жағдай, Орталық Азия елдеріне қандай қауіп бар, бірлесіп не істеу керек, құқық қорғау органдары, арнайы органдар бірлесіп лаңкестікке қарсы қандай шаралар атқаруы керек деген мәселелер егжей-тегжейлі талқыланған.

«Бүгінгі болатын министрлер арасындағы кездесулерде олардың барлығы талқыланатын болады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, есірткі мәселесі де кеңінен қозғалған. Қазақстан өз ішінде де есірткімен күресті жолға қойған. Дегенмен, еліміз ауған тарапынан да есірткі таралымына қарсы тұруға қол ұшын береді деп сенеді.

«Ауғанстан азамат соғысы жүріп, онымен күресіп жатқан ел. Сондықтан да қару-жарақ жағынан да сіздерге көмек керек. Оны да біз қарастыратын боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар