Қазақстан Ауғанстанмен экономикалық бағыттағы жобаларды кеңейтуге мүдделі - Е.Қазыханов
![None None](/static/img/plug.webp)
«Ауғанстандықтар Қазақстанның астығының қандай екенін жақсы біледі. Оның үстіне бұл ел Қазақстанда шығатын отынға да зәру болып отыр. Қорыта айтқанда, бұл бағытта бізде қолға алатын шаралар өте көп және біз оларды болашақты жүзеге асырамыз»,-деді Ержан Қазыханов.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан ұзақ жылдардан бері Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. «Біз бұл елдегі бірқатар гуманитарлық жобаларды жүзеге асырудамыз. Бұл бағыттағы маңызды мәселелердің бірі білім саласымен байланысты. Аталмыш бағдарламаға сәйкес, Қазақстанда ауғандық студенттер білім алуда. Бұл бірнеше жылға жоспарланған ірі әрі кең ауқымды жоба. Оған Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тарапынан 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді»,-деді министр.