Қазақстан аумағынан тысқары 44 учаскеде әлі де дауыс беру жүріп жатыр
«Елдің ішіндегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жердегі 44 учаскеде жүріп жатыр. Бүкіл кезең бойы дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары бақылады. Қорытынды статистика ертең ұсынылады», - деді Константин Петров.
Оның атап өтуінше, бүгін сайлаушылар тізіміне қосылмаған және тіркеуі жоқ азаматтарға да дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
Нәтижесінде 2 260 сайлаушы сондай мүмкіндікке ие болды.
«Ертең күннің бірінші жартысында дауыс берудің алғашқы қорытындысына арналған брифинг жоспарланып отыр», - деді ол.
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.
Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындан ашылған 68 учаскенің 24-і қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.
Қалғандарына Қазақстан азаматтарының дауыс беру жалғасып жатыр.
Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы.