Қазақстан аумағында 100-ден аса шетелдік инспекция өткізілді (ФОТО)

Бұл туралы бүгін Астанада өткен өзара сенім және қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі семинарда айтылды.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған семинарда ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету бойынша орталықтың офицерлері Беларус, Венгрия, Германия және Франциядағы әріптестерімен берге инспекциялау және ақпараттандыру іс-қимылын, сондай-ақ әскерлерде оны іс жүзінде қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді (2011 жылғы Вена құжатының аясында). Апталық семинарға тыңдаушы ретінде Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Өзбекстанның, Армения мен Моңғолияның әскери атташелері шақырылды. Бұл басқосудың ықпалымен ерекше сұқбат алаң құрылды. Шара аясында он бір елдің әскери қызметшілері мен жетекші сарапшылары тәжірибе алмасу, жаңа байланыс орнату, сенім мен қауіпсіздікті нығайтуда әрі қарай сапалы ынтымақтастық жасау үшін нақты жоспарларды, сондай-ақ инспекциялық іс-қимылды жолға қою мүмкіндігіне ие болады.