09:05, 06 Қараша 2022 | GMT +6
Қазақстан аумағында 3,9 балдық жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қараша күні Алматы уақытымен 8 сағат 49 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 99 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.1. MPV тербелісі – 3,9 Тереңдігі – 10 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.