Қазақстан аумағында 4,6 балл қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 4 қазаны күні Алматы уақытымен 00 сағат 51 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан аумағында 4,6 балл қуатымен жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 224 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.8. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген хабарламада.