Қазақстан аумағының басым бөлігінде 7 қаңтарда жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғыдай Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
None
None

Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұрқасын болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - жаяу бұрқасын, тұман.

Алматы облысының кей жерлерінде - тұман.
Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар