Қазақстан ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Алакөл ауданында 2014 жылы 2 денсаулық сақтау мекемесі іске қосылмақ. Бұл туралы Алматы облысының Алакөл ауданындағы Жағатал ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсімінде айтылды.
None
None
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген нысан құрылысына қажетті қаражат облыстық бюджеттен берілген. 2 мыңнан астам тұрғыны бар Қазақстан ауылы үшін жаңа нысанның маңызы зор. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашат Оразханның айтуынша, бұрынғы дәрігерлік амбулатория бір бөлмеде орналасқан еді. Жарты жылда салынған жаңа нысанның құрылысына 110 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып отыр. 12 медициналық қызметкер жұмыс істейтін еңселі мекемеде бірнеше емдеу кабинеттері бар. Амбулатория меңгерушісі Әдиба Мұсабекованың сөзіне қарағанда, қазір онда 5-6 адамға арналған күндізгі стационар іске қосылды. Жалпы Алакөл ауданында соңғы 2 жылда 4 ауылдық амбулатория салынған болатын. Аудан басшылары енді алдағы жылы бұл үрдіс өз жалғасын табады деп отыр.
Соңғы жаңалықтар