Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екінші медалін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Боготада (Колумбия) ауыр атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екінші медалін жеңіп алды

Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес қоссайыста 397 келі (жұлқа көтеруде - 185, серпе көтеруде - 212) көтеріп, жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы - 383 (174 + 209) иеленсе, колумбиялық Джор Морено - 380 (171 + 209) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл медаль әлем чемпионатындағы екінші медаль болды - бұған дейін Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.


Фото: olympic.kz