Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Фото: ҚР ҰОК

Нәтижесінде, кореялықтар алты ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.

8 желтоқсанда біздің құрама финалға шығу үшін Жапониямен ойнайды. Оңтүстік Корея жартылай финалда Иранмен кездеседі.

Ал Қытай мен Сингапур 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Сингапурды ойсырата жеңді. Ал топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея Қытай құрамасына еш мүмкіндік бермеді.

Соңғы жаңалықтар