Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Мажарстандағы турнирге қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен күрес әлемі (UWW) Будапештте (Мажарстан) өтетін рейтингілік турнирге қатысушылардың тізімін жариялады. 

Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Мажарстандағы турнирге қатысады
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының атынан бұл жарысқа 7 балуан қатысады.

Атап айтар болсақ, 50 келіге дейін Светлана Анкичева, 53 келіге дейін Зейнеп Баянова, 57 келіге дейін Нилуфар Раимова, 62 келіге дейін Тыныс Дүбек, 68 келіге дейін Ирина Казюлина, 72 келіге дейін Жәмила Бақбергенова, 76 келіге дейін Эльмира Сыздықова бозкілемде белдеседі. 

Айта кетсек, турнир 17 шілдеде басталады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар