Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Чжаоцин қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан қола медаль иеленді.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 13:6 есебімен ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы әйелдер арасында су добынан Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг құрамалары өзара сынға түсті. Осылайша жалпы, қазақстандық ватерполшы қыздар турнир барысында бес ойын өткізді.
Ұлттық құрама сапында Мария Мартыненко, Анна Новикова, Анастасия Цой, Мадина Рахманова, Виктория Каплун, Валерия Колесниченко, Милена Набиева, Ольга Воронцова, Алина Озкая, Валерия Аносова, Дарья Починок ел намысын қорғады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған турнирде Қазақстан ерлер құрамасы да қола жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.