20:58, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Қазақстан әйелдер құрамасы Эстониядан жеңіліп, Еуро-2023 іріктеуін аяқтады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
6-топтағы Б лигасының екінші матчында қазақстандық футболшылар Эстония құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылды. Эстониялықтарда Лисандра Раннасто кездесудің басында-ақ дубль жасап үлгерді.
Қазақстан құрамасы қатарынан екінші матчта жеңіліп қалды. Бірнеше күн бұрын Уэльс құрамасынан 2:5 есебімен ұтылды. Эстония мен Уэльске келетін болсақ, олардың әрқайсысында үш ұпайдан бар және 10 сәуірдегі бетпе-бет кездесуде А лигасына кім өтетіні және келесі іріктеу кезеңіне кімнің қатысатыны анықталады.