Қазақстан әйелдерінің форумы қоғамдық ұйымдарды, саяси партиялар мен БАҚ-ты Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға шақырады

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан әйелдерінің V форумында жиынға қатысушылар елдегі қоғамдық ұйымдарға,
None
None
саяси партиялар мен БАҚ-қа арналған үндеулерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарыстың әсерін тартып отыр. Бұндай кезеңде азаматтық ұстаным мен шынайы патриотизмнің беріктігі де сынға түсетіні белгілі. Біз қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды, БАҚ-ты Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасалған Тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде бірлесуге шақырамыз. Барлық сындарлы, салауатты қоғамдық-саяси күштер Отанымыздың ? Қазақстанның гүлденуі жолында күштерін біріктіріп, жұмыла түсулері қажет. Бірікпей және нақты үйлескен әрекетсіз жалпыұлттық маңызды міндеттерді шешу, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың өсімін қамтамасыз ету де мүмкін емес. Біз Қазақстанның дағдарыс кезеңінде де өзіндік орнын сақтап қалатынына сенімдіміз», делінген үндеуде.
Соңғы жаңалықтар