Қазақстан аймақтарында ірімшік бағасы қанша тұрады?

АСТАНА. KAZINFORM - Дүкен сөрелерінде ірімшіктің сан түрі бар. Таңдау мол, қалағаныңды сатып алуға болады. Kazinform агенттігі ірімшіктің түр-түрін қарап, бағасына шолу жасады.

ірімшік бағасы
Фото: Kazinform

Қазан айындағы статистикаға сүйенсек, ел ішінде ең төмен бағадағы ірімшік Павлодарда болып шықты. Мұнда ірімшік келісінің 1500 теңгеден басталып, 6000 тг дейін жетеді. Сонымен бірге Таразда баға келісіне 1800-2300 теңге болып тұр. Ал Түркістан (келісіне 1950 теңгеден 6000 теңге дейін) мен Шымкентте (келісіне 1950 теңгеден 8000 теңге дейін) өзге аймақтармен салыстырғанда баға төмен. 

Ақтауда бір келі ірімшіктің бағасы 2000-4500 теңге деп көрсетілген. Өскемен мен Семейде сүттен жасалған тағам құны 2300-ден басталып 3600 теңгеге жетті. 

Сонымен бірге Атырауда (келісі 2500-4000 теңге), Көкшетау және Қостанайда (2700-6000) баға шамалас. 

Ақтөбеде бір келі ірімшік құны 3600-7200 теңге деп көрсетілген. Ал Талдықорған тұтынушылары бұл тағамның келісін 3500-4800 теңгеге сатып алып жүр. 

Орал тұрғындары болса ірімшіктің келісін 4000-7500 теңгеге сатып алады. Ал Қызылорда, Қарағанды, Жезқазғанда ірімшік 4500-5500, ал Петропавлда 4500-4800 деп көрсетілген. 

Ірімшіктің қымбаты Қонаев қаласында. Мұнда келісі 6000 теңгеден сатылады. Сонымен бірге Астанада сүт тағамының келісі 6000-8000 тг, Алматыда 8000-9000 теңге деп көрсетілген.

ірімшік бағасы
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар