Қазақстан аймақтарында қар, жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде - 5 қаңтарға ауа райы болжамы

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында 5 қаңтар күні қар, жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Қазридрометке сілтеме жасап.
None
None

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде тұман, Атырау облысында - күндіз кейбір жерлерде 15-20 м/с екпінде жел тұрады деп күтілуде. 

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында - түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді, жаяу борасын болады.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында секундына 17-22 метр күшпен жел соғады.

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз орнау процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқуы байқалады, бөлек өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар