Қазақстан аймақтарының жастар орталықтары бірыңғай республикалық кеңес құрады

ПАВЛОДАР. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Павлодар қаласында Астана, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент аймақтық жастар орталықтарының бірінші республикалық кездесуі өтеді.
None
None

Жастар ұйымдастырушылары бозбалалар мен бойжеткендермен жұмыста инновациялық идеяларды жинақтайтын кеңестік орган ретінде жастар орталықтарының республикалық кеңесін құру мәселесін талқылайды.

Кездесу кезінде тұсаукесерлер өткізіліп, жастар орталықтары тәжірибе алмасады. Павлодардың Ленпаркіндебиіктігі екі метр болатын мемориалдық белгі ашылады. Республикалық кездесуге қатысушы қалалардың атаулары бар бағдаршалар мемлекеттік жастар саясаты аймақтық орталықтарының ортақтасу символына айналады.

Соңғы жаңалықтар