Қазақстан аймақтық гуманитарлық хабқа айналуы мүмкін - БҰҰ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтық гуманитарлық хабқа айналуы мүмкін, деп хабарлады бүгін ҚР ІІМ-де өткен брифинг барысында БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Сабер Азам.
«Қазақстан, соның ішінде Алматы қаласы Орталық Азияда гуманитарлық хаб ретінде қалыптаса алатын жоғары әлеуетке ие. Сонымен қатар Қазақстан аймақта белсенді әрі қарқынды сыртқы саясатының арқасында Орталық Азия елдерінің халқына орын ауыстыруға мәжбүр болатын жағдайларды болдыртпауға да үлкен үлес қосады деп сенеміз», - деді ол.