Қазақстан азаматтарына қандай қаруларды иеленуге рұқсат етіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Полиция қаруды тіркеу, сақтау және тасымалдау ережелерін түсіндірді.

мергендер винтовкасы
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Дерекке қарағанда, Қазақстан азаматтарына аңшылық, спорттық және өзін-өзі қорғау мақсатында қару иеленуге рұқсат етіледі.

- Қаруды сатып алу үшін www.elicense.kz порталы арқылы полициядан арнайы рұқсат алу қажет. Сатып алынған қару бір апта ішінде тұрғылықты жердегі полицияда тіркелуі тиіс. Әр 5 жыл сайын рұқсатты жаңарту қажет, - деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметінен.

Сақтау талаптары:

  • Қару қалыңдығы кемінде 3 мм болатын металл сейфте немесе берік темір жәшікте сақталуы тиіс;
  • Қару оқ-дәріден бөлек сақталады;
  • Қауіпсіздік талаптары сақталып, қалалық елді мекендерде дабыл жүйесі орнатылуы керек;
  • Кәмелетке толмағандардың қаруға қолы жетпеуі тиіс.

- Қаруды тиісті рұқсатпен ғана тасымалдауға болады. Қоғамдық орындарда қару оқталмаған, қаптаулы күйде болуы тиіс.

Ережелерді бұзу қаруды тәркілеуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білгеніңіз абзал, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Алматы облысында заңсыз қару мен ірі көлемде есірткі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар