Қазақстан азаматтары саусақ ізімен мемқызмет ала алады
"Мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін біз қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмін іске қостық. Енді азаматтар қызметті бет-бейнесі немесе саусақ іздерінің көмегімен ала алады, соның арқасында электронды цифрлық қолтаңба қолдану немесе жеке куәлікті ұсыну қажеттілігі жоғалады", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл базаны қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдалануға болады.
"Бұндағы артықшылықтар келесідей: Азаматтардың жеке деректерінің қорғалуының күшеюі; өз бетінше алынатын қызметтер санының артуы; қызметтерді алу кезінде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмау", - деді А.Оспанов.
Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, ілкі жоба 2018 жылғы 12 желтоқсанынан бастап Астана және Алматы қалаларында іске қосылған.
"Ал толықтай биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарлануда", - деді ол.