Қазақстан азаматтарының «Нұр Отан» партиясына деген сенімі артып келеді ? Д. Қалетаев

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстан азаматтарының «Нұр Отан» партиясына деген сенімі артып келеді. Бұл туралы кеше Алматыда өткен мәслихат депутаттарының форумына қатысқан ҚР Президентінің кеңесшісі Дархан Қалетаев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 51 мыңнан астам адам партия қатарында белсенді жұмыс атқаруда. Алматыда 580 бастапқы партиялық ұйымдар жұмыс істейді. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады», деді Д. Қалетаев.Д. Қалетаев, сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП Алматы филиалы жанындағы әлеуметтік қайшылықтарды шешу қоғамдық кеңесінің қызметін ерекше атап өтті. Осы кеңестің іріктелініп алынған құрамы азаматтық қоғам институттарының және жергілікті атқарушы органдардың барлық өкілдерімен сындарлы әріптестік орнатуға ашық та дайын екендіктерін көрсетіп отыр. «Партияның қоғамдық қабылдау қызметі кеңінен дамуда. 2008 жылы 40 мыңнан астам адам қоғамдық қабылдауда болған, өтініштердің басым бөлігі Алматыға тиесілі. Бұл біздің азаматтарымыздың «Нұр Отан» партиясына деген сенімінің артып келе жатқандығын көрсетеді. «Нұр Отанның» Алматыдағы филиалы партияның жетекші буыны болып табылады және дағдарысты жеңуде барынша мол күш жұмсауы қажет», деді Д. Қалетаев.
Соңғы жаңалықтар