Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін маңызды ақпарат

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-13 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. 

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін маңызды ақпарат
Фото: Адилет Беремқулов/ Kazinform

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 15 наурызда өтеді.

- Тестілеу 3 бөлімнен тұрады: тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36; Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9; Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15. Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60. Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі, - делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.    

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ, сайтта тегін байқау сынағы ұсынылған.

Еске салсақ ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар