Қазақстан азаматтығынан айыру құжаттарын пошта арқылы қабылдау тоқтатылады – Ресейдегі Елшілік

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі азаматтықтан айыру құжаттарын пошта арқылы қабылдауды тоқтатады.

паспорт төлқұжат
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

- Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты уақытша енгізілген азаматтықтан айырылуына арналған құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтатады. Құжаттарды қабылдау жеке келу арқылы жүзеге асырылатын болады, - делінген Елшіліктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Шетелдердегі этникалық қазақтар арасында «Ата жолы» миграциялық карталарына сұраныс артқан.

 

Соңғы жаңалықтар