05:31, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақстан азаматы шекарадан қырғыздың сүт өнімдерін заңсыз өткізбек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Айша - Бибі» (Жамбыл облысы) бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы 19 маусымда таңертең «Талас - Тараз» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусына тексерді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Бақылау кезінде бір жолаушының салмағы бір центнердей болатын сүт өнімдерін заңсыз әкетіп бара жатқандығы анықталды (20 кг сыр-ірімшігі, 25 кг қаймақ, 20 кг ірімшік, 40 литр сүт).
Аталған іс бойынша материалдар «Айша - Бибі» бекеті ветеринарлық қызметінің жетекші маманына тапсырылды.