Қазақстан, Әзербайжан және Түркіменстан табиғи газды жеткізетін маңызды мердігерлер - АҚШ Мемдепартаменті

БАКУ. ҚазАқпарат - Мозамбик, Танзания, Жерорта теңзінде табылған қорға қарамастан Қазақстан, Әзербайжан және Түркіменстан табиғи газды жеткізетін маңызды мердігерлер болып табылады.
None
None

Бұл туралы Бакуде «Мұнай, газ, Каспий мұнайын қайта өңдеу және мұнай химиясы» (Caspian Oil&Gas 2014) XXI Халықаралық конференциясында АҚШ Мемлекеттік департаментінің энергетикалық ресурстар бюросының аға кеңесшісі Даниэль Штайн мәлімдеді.

Сонымен қатар, Д.Штайн Әзербайжанның газды ауқымды көлемде өткізуге әзірлігін атап өтті. «Шахдениз-2» жобасы бойынша қорытынды инвестициялық шешіміне қол қойылғаны жайлы да еске салды.

Мемдепартаменттің өкілі Оңтүстік газ дәлізі газды Еуропаға өткізуге көмектесетінін атап өтті. Бұл құбырмен өтетін алғашқы 10 млрд. текше метр әзербайжандық газ бастапқы кезең ғана, кейін оған Ирак пен Түркіменстанның қосылуы мүмкін.

Д.Штайн Еуроодақтың Әзербайжан, Түркіменстан және ЕО арасындағы үш жақты келісімге қол қою ниетіне қолдау көрсететінін білдірді.

Соңғы жаңалықтар