Қазақстан Әзербайжанға қандай өнімдер экспорттайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумында Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков еліміз Әзербайжанға қандай тауарлар экспорттайтынын айтты.

Қазақстан-Әзербайжан
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— 2024 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 534 млн долларға жетті. Оның ішінде 485,3 млн долларды Қазақстан өнімдерінің экспорты, ал 48,6 млн долларды Әзербайжан импорты құрады. Осы жылдың қаңтар-тамызында өзара сауда-саттық көлемі 343,3 млн доллар болды. Бұл ретте Қазақстан импорты 290,8 млн долларға жетіп, Әзербайжан экспорты 58 пайыздан астамға артты, — деді вице-министр.

Айдар Әбілдабеков
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Оның дерегінше, қазақ экспортын негізінен астық, мұнай, мұнай өнімдері, азық-түлік тауарлары құрап отыр.

Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумы
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал Әзербайжаннан алюминий, металл құрылымдары, полимерлер, алкоголь өнімдері мен жеміс-жидек жеткізіледі.

Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Бұл іскерлік белсенділіктің артып, кәсіпкерлеріміз арасындағы сенімнің артқанын білдіреді. Өзара сауда әлеуеті жоғары. Сондықтан да бүгін осы жерде жүздесіп отырмыз, — деді Айдар Әбілдабеков.

Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осыдан бұрын былтыр Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау 1,5 млн тоннаға жуықтағаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар