Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия бірлескен туристік өнім құрмақ
Ақпаратқа сәйкес, СОМСЕС бастамасы бойынша ұсынылған түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам жобаның ішінде жеңімпаз болып Әзірбайжанның мәдениет және туризм министрлігі ұсынған «Мәдени мұралары ортақ қалалар» жобасы таңдалды. Жоба Түркияның Даму банкі ұсынған грант бойынша және мәдениет және туризм министрлігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.
2014 жылғы сәуір-қыркүйек айларын қамтитын жобаға мәдени туризм әлеуетін зерделеу, Әзірбайжан мен Қазақстан өңірлерін айқындау кіреді. Мұра үлгілері ұқсас болып келетін Қырғызстан мен Түркияда зерттеу нәтижесінде осы елдерді біріктіретін бірлескен туристік өнім қалыптастырылмақ.
Жобаның мақсаты СОМСЕС өңірінде туристік саланы бәсекеге қабілетті және орнықты дамытуға қол жеткізу және осы елдердің мәдени туристік ресурстары туралы бас туристік нарықтарды ақпараттандыруды арттыру болып табылады.