Қазақстан Азия ойындарын қабылдауы мүмкін бе

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек Kazinform тілшісіне елімізде кезекті Азия ойындарын өткізу мүмкіндігі туралы айтты. 

Қазақстан Азия ойындарын қабылдауы мүмкін бе
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Нұрлан Нөгербектің айтуынша, еліміздің қысқы Азия ойындарын өткізуге әлеуеті жоғары.

— 2011 жылы біз VII Ақ Азияданы сәтті қабылдадық. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясында кезекті қысқы Азия ойындарын өткізуде қиындықтар туындап отыр. Сол себепті біз Туризм және спорт министірлігімен осы мәселе төңірегінде жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын, — деді ҰОК бас директоры Астана қаласында өткен 20-шы жазғы Азия ойындарына арналған баспасөз конференциясында.

о
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев алдағы жылдары елімізде халықаралық ірі жарыстар өтетінін еске салды.

— Алдағы жылдары елімізде 20 шақты ірі халықаралық спорт жарысын өткізу жоспарланған. Ал жыл соңына дейін 7 халықаралық жарысын өткіземіз. 2026-2028 жылдар аралығында, Қазақстанда үстел теннисі, ауыр атлетика және таэквондо сияқты спорт түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаймыз. Менің ойымша, бұндай іс-шаралар бізге жақсы тәжірибе жинауға және инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді, — деді министрлік өкілі.

Нұрлан Есембаев
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетерлігі, 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді. Жарыс ұйымдастырушылары — Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) және Азиада ұйымдастыру комитеті AINAGOC. Ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Астанада Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ұйымдастырған VI Құрлықтық спортшылар форумы басталды.

Соңғы жаңалықтар