Қазақстан Азия-Тынық мұхит аймағына «терезе» ашуда: Сары теңізде ҚР мен ҚХР-дың транзиттік-логистикалық орталығын салу жоспарлануда

"Біздің басты мақсатымыз - 3-5 жыл ішінде Қазақстандық-қытайлық көлік-логистикалық орталық салу және "Сюйвэй" Шығыс, Орталық және Батыс аймақтары өңірлік ынтымақтастығының Ұлттық көрсету аймағын салу", - деді шенеунік.
Ляньюньган қаласында орналасқан жалпы аумағы 476 шаршы шақырымды қамтитын "Сюйвэй" шығыс, орталық және батыс өңірлік ынтымақтастығының Ұлттық көрсету аймағы бір аудан мен жеті парктен тұрады. Оның құрылысы 2011 жылы басталған болатын. Жаңа аймақтың маңызды элементі заманауи порт логистикасы болмақ, онда 116 ірі және орташа айлақтармен жарақтанған су сыйымдылығы 300 мың тонналық кемелер үшін терең сулы порт орналасады. Бұл жобаға 3 млрд. доллардан асатын инвестиция тартылды.
Ляньюньган қаласы үкіметінің ойынша, жаңа "Сюйвэй" порты Қытай мен Еуропаны жалғастырып, еуразиялық көлік дәлізі бастау алатын маңызды көлік-логистика торабы болмақ.
Трансқұрлықтық көлік дәлізінің ұзындығы 10 мың шақырымнан асады және ол қытайлық Ляньюньган портынан басталып, Ұлы Жібек жолы қалалары - Сиань, Ланьчжоу, Үрімші арқылы "Достық-Алашаңқай" өткелінде қазақстандық темір жолмен түйіседі. Еуразиялық көлік көпірінің соңғы пункті - голландтық Роттердам.
Бейжің жаңа аймақтың және тереңсулы "Сюйвэй" портының құрылысы жобасына зор маңыз беріп отыр, ол "Жібек жолы экономикалық белдеуі" қытай бастамаларын жүзеге асыруда зор рөл атқармеқ.
Ляньюньган үкіметі қазақстандық тараптың қолдауына үміт артады. "Қытай мен Қазақстан арасында қазірдің өзінде осы салада тығыз іс-қимыл және ынтымақтастық жолға қойылған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары ауқымында "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Ляньюньган халықтық үкіметі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. 2014 жылы Ляньюньган портында қазақстандық терминалдың құрылысы басталады" деп хабарлады Lianyungang Port Group компаниясының вице-президенті Чэнь Гуанпин.
Келесі жылы Ляньюньганда Қазақстанның сауда өкілдігінің ғимараты пайдлануға беріледі, бұл қазақстандық-қытайлық транзиттік-логистикалық орталығы құрылысына жәрдемдесетін болады", - деп санайды У Ицяо.
"Біз сондай-ақ "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы сияқты "Ляньюньган" қазақстан-қытай халықаралық ынтымақтастық орталығын құруды жоспарлап отырмыз", - деді жергілікті өкімет өкілі.
Ляньюньган порты мен "Сюйвэй" жаңа аймағы Янцзы өзенінің сағасы мен Бохай шығанағына таяу орналасқан, сондай-ақ теңіз арқылы Жапониямен және Оңтүстік Кореямен жалғастырады, бұл Қазақстан үшін Азия-Тынық мұхит аймағына еуразиялық көлік дәлізі арқылы шығуға жақын және қолайлы болмақ.
Еске сала кетейік, 1995 жылы ҚР мен ҚХР арасында Қазақстанның қытайлық Ляньюньган портын жүк тасымалына пайдалануы туралы келісім жасалған болатын.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚХР басшысының ҚР-ына сапары қорытындысымен Қазақстанға Ляньюньган портында өз терминалын салуға аумақ беру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Ляньюньган қаласы халық үкіметі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.