Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай тасымалын 2,2 млн тоннаға ұлғайтады

АСТАНА. KAZINFORM — «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы елімізде мұнай тасымалы артады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.

Халықаралық мұнай компанияларына қандай жаңа талаптар қойылады   https://kaz.inform.kz/news/halikaralik-munay-kompaniyalarina-kanday-zhana-talaptar-koyiladi-e28d59/
Коллаж: Kazinform

— Қазақстандық энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу жөніндегі уағдаластығымыз табысты іске асырылып жатыр. Өткен жылы «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы шетелдік нарыққа 1,4 млн тонна мұнай тасымалданғаны мәлім. Алдағы уақытта қазақстандық мұнайдың транзитін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы келісім бар, — деді Мұрат Нұртілеу БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасай тұрып.

министр
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сондай-ақ, министр әзербайжандық серіктестерімен бірлесіп, Қазақстанның ураны шетелге жүйелі жеткізіліп жатқанын тілге тиек етті. 

— Қазақстандық энергоресурстардың тасымалы мен инфрақұрылымдық жобаларды Каспий арқылы жүзеге асыру Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия арасындағы байланыстырушы көпір екені ақиқат, — дейді ведомство басшысы.

Мұрат Нұртілеу мен Джейхун Байрамов
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Айта кетейік, бүгін елордаға Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов ресми сапармен келді. 

Сапар аясында әзербайжандық министр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.

Соңғы жаңалықтар