«Қазақстан балалары» тұжырымдамасының орындалу қарқыны қалай

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуына бес жылға 1,3 трлн теңге қарастырыллы. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 
29 қаңтарда 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама баланың қауіпсіздікке, сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға, отбасында тәрбиеленуге және әлеуметтік қорғауға қатысты құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Тұжырымдамада 158 іс-шара мен 10 индикатор белгіленген. Оның 94 іс-шарасы 2026 жылға жоспарланып, бес жылға 1,3 трлн теңге қарастырылған. Қабылданғанына он айға жуық уақыт ішінде көзделген шаралардың 70%-ы толығымен орындалғанын айтуға болады. Тұрақты сипаттағы 32 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Ж.Сүлейменова.

Сонымен қатар ол 2027–2028 жылдарға жоспарланған жеті
іс-шара мерзімінен бұрын іске асырылғанын айтты. Олардың қатарында психологиялық диагностиканы цифрландыру, педагог-психологтерге «Жеке қауіпсіздік» курсы үшін қосымша ақы төлеу, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету және олардан жауап алу жөніндегі әдістемелерді әзірлеу бар.

Бұған дейін Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева
3 жылдың ішінде 300 мыңнан астам қиын жағдайдағы немесе көмекке мұқтаж балаларды уақытылы анықтап, көмек көрсетуге мүмкіндік берді.