Қазақстан балаларының арасында қандай үйірмеге сұраныс жоғары

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тегін үйірмеге баратын балалардың көбіне қандай бағытты таңдайтыны атылды. 

шахмат
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Спорт үйірмелеріне келсек, бірінші, әрине, футбол. Ұл баланың бәрі қызығатыны түсінікті. Екінші орынға шығыс жекпе-жектерін қояр едім. Ал ұл мен қызға бөлсек, қыздар арасында көркем гимнастикаға баратындар көп.

Мемлекеттік спорт тапсырысы шахматшылар арасында үлкен қызығушылық туғызғанын айта кету керек. Шахматқа деген қызығушылық толқыны басталғанын көріп отырсыздар. Бұл, бірінші кезекте, тиісті федерацияның жұмысы деуге болатын шығар. Дегенмен, пилоттық жобаға шахмат үйірмелерінің кіруі қызығушылардың санын арттырды. Елдің бүкіл өңірлерінде шахматпен айналысатын балалардың саны артып отыр, — деді Серік Жарасбаев журналис сұрағына берген жауабында.

Ал Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов шығармашылық үйірмелердің арасында ұлттық аспаптар танымал екенін айтады.

— Қазір шығармашылық тапсырыс бойынша 270 мыңға жуық бала үйірмелерге қатысып отыр. Талдау ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс басым екенін көрсетті. Екінші орында бейнелеу өнері тұр. Үшінші орында — би, — деді вице-министр.

Бұған дейін 1 шілдеден бастап тегін үйірмелер «е-ТРМК» жүйесіне көшірілетінін жазған едік

Соңғы жаңалықтар