11:13, 18 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстан банктерінің бірігуі алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан банктерінің бірігуі алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-ның «Қазкоммерцбанк» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды. Салымшылардың, кредиторлар мен инвесторлардың барлық құқықтары мен заңды мүдделері сақталды. Сонымен қатар біз банк секторлары шоғырлануының жалғасатындығын күтіп отырмыз. Бұл біздің пайымдауымызша, жоғары тұрақтылықты қамтамасы ететін болады», - деді Олег Смоляков.