«Қазақстан барысы»: 1/8 финал аяқталды

Шымкенттік Ерсұлтан Мұзапаров пен қарағандылық жас балуан, турнир дебютанты Ақжол Дүйсенбаев белдесті. Тартысты айқаста шымкенттік балуанның бағы жанды.
Екінші белдесуде Павлодар облысының балуаны Мұхтар Дәлелханұлы «Қостанай облысының барысы» Алмас Жұмағалиды жықты.
«Маңғыстау облысының барысы» турнирдегі ең ауыр балуанның бірі (155 келі) Нұрдәулет Жарылғапов Солтүстік Қазақстан облысының үміті Алтынбек Аусағитовті «белдесу» кезеңінде ұтты.
Биыл Жетісу облысының нымысын қорғап жүрген Руслан Әбдіразақов бірінші айналымда 2021 жылғы «Қазақстан барысы» Дәурен Нұралиновті жыққан Данил Федоровпен күресіп, «таза жеңіспен» басым түсті.
«Әскер барысы» Марат Байқамыров Жамбыл облысының балуаны Азат Рысбектен ескертулер саны бойынша басым түсті.
Қызылорда облысының үміті Айбек Серікбаев ұлытаулық жас барыс (2003 жылғы) Ерасыл Нұғұматты айқын басымдықпен жеңді.
Тағы бір «Әскер барысы» Ғалымжан Қырықбай «Атырау облысының барысы» Арман Қалиевті ұтып кетті.
2022 жылғы «Қазақстан барысы» Мақсат Исағабыловты бірінші айналымда қапы қалдырған «Алматы облысының барысы» Нұрғали Жолтаев Шығыс Қазақстан облысының балуаны Саят Шамшиевтен жығылып қалды.