«Қазақстан Барысы» жарысының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Астрахан ауданында «Қазақстан Барысы» жобасының үшінші іріктеу кезеңінің қатысушылары анықталды,
None
None

деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» қазақша күресін дамыту қорының баспасөз қызметі.

«Ауыр» салмақ дәрежесінде О.Жұмабеков (82 кг дейін, Жалтыр ауылы), 90 кг дейін Д.Мұшанов (Жалтыр а.) және Д.Елеуіпов (Астрахан а.) және 90 кг-дан жоғары салмақ дәрежесінде тағы бір Астрахан ауылының тұрғыны Н.Есімбейітов үздік деп танылды.

Сондай-ақі Жарқайың ауданы да «Қазақстан Барысының» ақтық сайысына шығу мүмкіндігін таласқа салып, үздіктерді анықтады. Бұл бәсекеде үздік деп танылғандар: Серік Айтжан (Державин қ.), Дидар Аяжанұлы (Державин қ.) және Әсет Әбілдинов (Тассуат а.) сәйкесінше 1, 2 және 3-орындар үшін марапатқа ие болды.

Нұржан Дартаев, Шамиль Умаров пен Алман Коңырбаев та Ақмола облысы Сандықтау ауданы бойынша үздіктер үштігіне ілікті.

Еске сала кетсек, екінші іріктеу кезеңі сәуір айының соңына дейін жалғасады, ал мамырда «Қазақстан Барысы» жарысының ақтық сайысына шыққандар анықталады.

Соңғы жаңалықтар