«Қазақстан барысының» Оралдағы іріктеу турнирінде Е.Үсенов жеңімпаз атанды

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 22 сәуір күні «Ақжайық» футбол клубының стадионында «Қазақстан барысының» іріктеу турнирі мәреге жетті.
None
None

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, аталмыш сайысқа барлығы аудандар мен облыс орталығынан 14 палуан қатысты. Орал қаласының атынан сынға түскен Еділ Үсенов пен Ринат Ибрагимов финалға шықты. Е.Үсенов - самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бұған дейін «Қазақстан барысының» финалдық бәсекесіне екі мәрте қатысқан. Атырау өңірінің түлегі, қазір Оралдың намысын қорғап жүрген Р.Ибрагимов - дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, Бейжің және Лондон олимпиадаларына қатысушы. Ринаттың салмағы Еділден әлдеқайда жеңіл, 84 келі. Бір-біріне оңайлықпен алдырмағанымен, Е.Үсенов жеңіске жетті. Енді екеуі де 30 маусымда Астанада өтетін «Қазақстан барысының» қорытынды бәсекесінде бақ сынамақ.

Соңғы жаңалықтар