Қазақстан Беларусь кәсіпорындарын «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысына қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан беларусьтік кәсіпорындарды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің нысандарының құрылысына атсалысуға шақырды. Бұл туралы 28 тамызда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов мәлім етті, деп жазады БЕЛТА.
None
None

«Біз беларусьтік кәсіпорындар және ұйымдар Қазақстан астанасында өтетін әлемдік деңгейдегі аталмыш форумның ауқымды нысандарын салуға белсене қатысады деп үміттенеміз», - деді дипломат. Сонымен қатар Ерғали Бөлегенов таяу жылдары Қазақстанның сыртқы саясатында ешқандай күрт өзгерістердің орын алмайтынын атап өтті. Қазақ елі аймақтар бойынша өзінің тікелей көршілерімен ғана емес, Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның көптеген елдерімен өзінің көпдеңгейлі дипломатия доктринасы шеңберінде әріптестік қарым-қатынастарды қолдауды жақтайды. Әрі, өз әріптестерімен, соның ішінде Беларусь елімен саяси тұрғыда тең құқылы және экономикалық тұрғыда өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтап қалуға да мүдделі. «Халықаралық аренада Қазақстан өзінің одақтастарымен және достарымен екіжақты негізде және көпжақты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, егемендігін ұстанатын болады. Олардың қатарында әрине, Беларусь елі де бар. Мұның дәлелі екі ел басшыларының тұрақты байланыс орнатуы бола алады», - деп атап өтті Е.Бөлегенов.

Соңғы жаңалықтар