18:31, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан «Беларус кітаптары» XVІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне құрметті қонақ ретінде қатысуда
МИНСК. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Кеше Минскіде «Беларус кітаптары» XVІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы болды, оған құрметті қонақ ретінде қатысуға Қазақстан Республикасы шақырылды.

Көрме ағымдағы жылғы ақпанның 15-іне дейін созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Беларус Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық кітап экспозициясының салтанатты ашылуына Беларус мемлекеттік органдарының басшылары, баспалардың өкілдері, жұртшылық, елшілік, БАҚ, қазақ диаспорасы, сондай-ақ Беларус жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.Қазақстандық стендіде «Мектеп», «ҚАЗақпарат», «Алматыкітап», «Жазушы», «Фолиант», «Раритет», «Аударма», «Балалар әдебиеті», «Қайнар», «Арда+7», «Дайк Пресс» баспаларының кітап өнімдері және басқа да 500-ден астам аталымдар ұсынылды.Экспозицияны ашу кезінде қазақстандық делегацияның жетекшісі ? ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Бауыржан Айтқазин қонақтарды біздің еліміздегі баспа ісінің қазіргі дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанда мемлекет тарапынан осы салаға қолдау көрсетуге және дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін атап айтты.
Көрме аясында бірқатар іс-шаралар өткізілмекші, олардың ішінде Қазақстанда шығарылған балалар әдебиетінің, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы болады.