10:30, 07 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстан, Беларусь және Ресей ЕЭҚ-тің парламенттік құрамдастығы жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысты жұмыс тобын құруда
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақтың парламенттік құрамдастығы жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысты Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері парламенттері өкілдерінен жұмыс тобы құрылуда.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өз блогында хабарлады.
Бұл топқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Х.Валиев, Ғ.Қасымов, сондай-ақ Парламент Сенаты Аппаратының қызметкерлері еніп отыр.
Жұмыс тобының қызметі биылғы қыркүйек айында басталады.