14:14, 07 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қазақстан – Бельгия матчын қайдан көруге болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі.
Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:45-те басталады. Матчты Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Іріктеуде үш ойын өткізген Бельгия жеті ұпай жинады және кейінгі кездесуде Лихтенштейнді 6:0 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде төрт ойын өткізді. Қазіргі есепте үш ұпайы бар: Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді, алайда Уэльске (1:3) және Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльске қарсы өткен ойынның нәтижесін қорытындылаған еді.