Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM - 15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Грузоперевозки товарооборот Жүк тасымалдау тауар айналымы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Астық Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.

- Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесі аралығында асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстан бидайы Вьетнамға экспортталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар