Қазақстан білім беруді қаржыландыру бойынша ЮНЕСКО белгілеген межеге жақындап келеді - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Соңғы он жылда Қазақстанда білім беруді қаржыландыру 7,5 есеге артты.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытудың жай-күйі мен келешегі бойынша елшілермен, халықаралық ұйымдардың және халықаралық бизнес-құрылым өкілдерімен болған кездесуде Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Б.Жұмағұлов атап көрсеткендей, 2011 жылы мемлекеттік бюджеттен білім беруге жұмсалған шығын 900 млрд. теңгені құрады. Бұл ІЖӨ-нің 4,2 пайызы.

«Осылайша біз ЮНЕСКО ұсынған - ІЖӨ-нің 5-6 пайыз межесіне жақындап келеміз», - деді министр.

ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне сәйкес, бүгін Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша 129 елдің арасында 4-ші орынды иеленіп отыр. Ал сауаттылық деңгейі бойынша еліміз 177 елдің арасында 14 орында тұр.

«Қазақстан әлемде мойындалған жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің үш деңгейі жүйесіне ТМД елдері ішінде алғашқы болып толығымен көшіп, Болон үдерісінің толыққанды мүшесі болды», - деп түйіндеді Б.Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар