Қазақстан бірқатар елдермен сотталушыларды өзара беру келісімдерін жасамақ
Оның айтуынша, бұл Заң жобасы Қазақстанда не Сауд Арабиясында сотталған азаматтардың жазасын өз отанында өтеуіне мүмкіндік беретін болады.
«Яғни, егер ҚР азаматы Сауд Арабиясында қылмыс жасайтын болса, онда ол бас бостандығынан айыру жазасына кесілетіндігі анық. Ол бұл жазасын белгілі бір келесім аясында елімізде өтей алады. Дәл солай Сауд Арабиясының азаматы Қазақстанда сотталатын болса, ол да жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік алады», - деді Андрей Лукин.
Сонымен қатар сотталушы туған еліне жазасын өтеу үшін сол мемлекеттің азаматы, үкім нақты болса, сотталушы үкім шығарған елдің шағым процедураларына қатысы болмаса ғана беріледі. Сотталушыны беруші елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне және сол елдің заңдарына қайшы келетін жайттар болса, онда сотталушы туған еліне жазасын өтеу үшін қайтарылмайды.
«Бұл келісім үлгілік болып саналады. Дәл осындай келісімді Қытаймен, Түркиямен, Венгрия, Испаниямен, Румыния, Литва, Иранмен жасастық. ТМД аясында сотталушыларды беру процедурасы Мәскеу конвенциясы негізінде жүзеге асырылады. Ол 1998 жылдың 3 наурызында жасалған болатын. Қазіргі уақытта дәл осындай келісімді Иордания, Бразилия, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктерімен жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді Бас прокурордың орынбасары.