ҚАЗАҚСТАН - БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ

Агенттіктің жаңа эксклюзивті жобасын ұсынамыз. Бұл жоба әр өңірдің республиканың саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінде алатын роліне баса назар аудара отырып, Қазақстан облыстарына шолу жасауды мақсат етеді.
Астана - Қазақстанның бас қаласы
Астана - елдің кіндігінде, күре жолдардың қиылысында орналасқан Қазақстанның бас қаласы. Астананың аумағы 710,2 шаршы километр.
1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға (бұрынғы Целиноград) көшіру туралы ұсыныс жасады. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 маусымда жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 2008 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді.
Бүгінгі күні Астана елдің ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелері талқыланатын диалог алаңына айналды. Соңғы үш жылда бас шаһарда бірқатар мемлекеттердің, атап айтқанда - Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Латвия, Корей, Израиль, Татарстан, Қытай, Словакия, Франция, Қатардың басшылары және Әбу Даби әмірлігінің ханзадасы ресми сапармен болды.
2003 жылы Астанада дүниежүзінде тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І Съезі өтті. Съезді АҚШ, Ресей, Франция, Иран, Мысыр мемлекеттерінің президенттері, Сауд Арабиясының Королі және тағы басқалар қызу қолдап, құттықтау хаттарын жолдады. Кезекті IV Съезді дәстүр бойынша Астанада 2012 жылы өткізу көзделіп отыр.
Астанада сондай-ақ, 1995 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес Елбасы жанында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2008 жылы Елбасы Ассамблеяны елдің саяси жүйесінің толыққанды субъектісі ететін және оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерін айқындайтын «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойды. 2010 жылы Ассамблеяның XVI-ншы сессиясы өтті.
Қазір елордада 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Конституцияға сәйкес, олардың барлығына ұлт ерекшелігіне қарамастан өз тілінде білім алуға және діни, наным-сенім бостандықтарына жағдайлар жасалған. Қаланың сол жағалауында бой көтерген «Нұр Астана» мешіті (10 мың адамға лайықталған) Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі саналады. Қазір сәулеттік дизайны бірегей «Хазіреті Сұлтан» атындағы мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ қалада Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен синагога - «Бейт Рахель - Хаббад Любавич», Успен кафедралды шіркеуі, Свято-Вознесенский кафедралды шіркеуі жұмыс істейді. Ал Құдай Ананың үздіксіз көмегінің кафедралды шіркеуінде өзінің Қазақстанға сапары барысында Рим папасы Иоанн Павел II болды.
Астанада Қазақстан Республикасында аккредиттелген 53 елдің дипломатиялық миссилары орналасқан. 306 үкіметтік емес ұйым мен діни бірлестіктер жұмыс істейді.
Жаңа астананың жаңа келбетін қалыптастыруға әлемнің 71 қаласы атсалысты, құрылысына отандық және шетелдік 432 компания жұмылдырылды, 135 зауыт құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар іске қосылып келді және қосылып отыр. Астана қаласының бас жоспарын Президент Н.Назарбаевтың қаланың келбетін еуропаландыру идеясын негізге ала отырып, жапондық сәулетші Кише Курокава (Kisho Kurokawa) жасады. Бірқатар ғимараттар британдық сәулетші Норман Фостердің идеялары негізінде салынды. 1999 жылы қала Юнесконың «Ең үздік қала» сыйлығына ие болды. 2003 жылы Moody's Investors Service әлемдік рейтингтік агенттіктің жақсы бағасын алды. Бүгінде Астанада әлемдегі ең үздік 30 қаланың қатарына енуіне барлық негіздер жеткілікті. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак (Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады. 2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды.
Қала тұрғындарының саны 1997 жылы - 250 мың адам болды, 2009 жылы - 678 мың тұрғынды құрады.
Астананың қазіргі күнгі ең биік ғимараттары - «Бәйтерек» монументі (105 метр), «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені (130 м), «Солтүстік шұғыла» ТК (150 м), «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешені (150 м), «Астана ғажайыбы» әкімшілік тұрғын үй кешені (152 м), Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты (155 м), «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ғимараты (200 м), Әбу-Дәби Плаза кешені (жоба - 382 м).
Қалада 82 туристік компания жұмыс істейді. «Бес», «төрт» және «үш» жұлдызды санаттағыларды қоса есептегенде барлығы 145 қонақ үйі бар.
Жаңа елорда Қазақстанның білімі, ғылымы мен мәдениетінің ошағына айналуға негізделген. Мұнда Ұлттық ғылым академиясының бөлімдері, 13 жоғары оқу орны, 32 колледж, 90-нан астам мектеп жұмыс істейді, сондай-ақ Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұрағат, Ұлттық мұражай, заманауи арт-галереялар орналасқан.
2010 жылы әлемнің 30 үздік университеттерімен ынтымақтаса отырып медициналық, альтернативті энергетика және халықаралық инжиниринг салалары бойынша еуропалық стандарға сай білім беретін «Назарбаев университеті» іске қосылып, мемлекеттік грант бойынша алғашқы 500 студентін қабылдады.
2011 жылдың қаңтарында Астана 7-нші Қысқы Азия ойындарына қатысушы 45 елдің спортшыларын қабылдайды. Ойындарға жаңадан салынған Республикалық велотрек, Жабық коньки тебу стадионы, «Астана-Арена» жабық стадионы (30 мың орын), «Қазақстан» спорт кешені қатыстырылады.
Осы күндері Қазақстанның астанасына 1-2 желтоқсан күндері өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммитіне қатысуы үшін ЕҚЫҰға мүше елдердің делегациялары, халықаралық ұйымдардың, шетелдік және отандық үкіметтік емес ұйымдардың және бұрақалық ақпарат құралдарының өкілдері жиналуда. Саммитке 50-ден астам мемлекеттің басшылары қатысады деп күтілуде.
Алматы - тәуелсіздік бесігі
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қала 170 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді. Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелең Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барысы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Қазақстан тәуелсіздігінің бесігі деп атаған. Демократияның алғашқы өскіндері осы қалада пайда болды. Бүгінде ол республикамыздың қуатты қаржылық, инновациялық, туристік және мәдени орталығы. Еліміздің жалпы ішкі өнімінің бестен бір бөлігін, көтерме және бөлшек сауда операцияларының тең жартысын, барлық салық түсімдерінің үштен бірін, ел ауқымындағы сыртқы сауда айналымдарының алтыдан бірін қамтамасыз етіп отырған Алматы мемлекеттің экономикасында ерекше орынға ие.
Алматы Еуразиялық құрлықта маңызды және ыңғайлы орын алады және Ұлы Жібек жолындағы транзиттік нүктелердің бірі болып табылады. Сондықтан да Алматы туризмді әрі қарай дамыту мен жетілдірудің мол мүмкіндіктерін ие. Онда 500-ге жуық туристік ұйым бар.
Қалада сондай-ақ көп ұлттың, атап айтқанда, қазақ, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, неміс, украин, түрік, барлығы 120-дан астап ұлттың өкілдері тұрады. Адамдар түрлі тілдерде сөйлейді, бірақ оның ішінде қазақ тілі мен орыс тілі басым. Және Алматы - поликонфессиялы қала.
Алматы - еліміздің ірі мәдени орталығы болып табылады. Онда 270 салалық ұйым бар, оның ішінде 14 театр, 7 концерт залы, 2 филармония, 11 оркестр, 13 ансамбль, 32 мұражай, 39 кітапхана және көптеген кинотеатрлар, көркемсурет галереялары, сәулет ескерткіштері, цирк және тағы басқа да мәдени нысандар бар. Отандық фильмдердің басым бөлігі түсірілетін еліміздің орталық «Қазақфильм» киностудиясы да осы қалада орналасқан.
Ағымдағы жыл Алматы үшін түрлі іс-шараларға толы болды. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Алматының қаржы секторы экономикалық дағдарысты еңсеріп, еңсесін біртіндеп көтеріп келеді, қала шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын жоғалтқан жоқ.
Мамыр айында Алматыда ЕҚЫҰ елдерінің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының бейресми кездесуі өтіп, онда Астана Саммитін өткізу туралы нақты шешім қабылданды. Еліміз үшін тағы бір маңызды және айтулы шара - Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларында өтетін 7-нші қысқы Азиялық ойындары болғалы отыр. Бұл дода Халықаралық олимпиадалық комитеттің ұйытқы болуымен қамқорлығымен өтеді. Барлық спорт нысандары жарыстарға дайын тұр. Алматы осынау байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен келетін спортшыларды, құрметті қонақтар мен жанкүйерлерді, БАҚ өкілдерін лайықты қарсы алуға дайын.
Ал ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Алматыда қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келетін метрополитен іске қосылмақ.
Алматы облысы - чемпиондар отаны
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 223,9 мың шаршы метрді құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар. Облыс халқының саны - 1665,4 мың адамды құрайды. Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Облыс орталығы - Талдықорған қаласының тұрғындарының саны -140,6 мың адам.
Жетісу өңірі аталатын бұл аймақтың табиғаты ерекше. Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан. Және облыс аумағынан жеті өзен: Қаратал, Ақсу, Көксу, Лепсі, Іле, Тентек және Сарқан өзендері ағады.
Жетісу жері сондай-ақ тарихи, мәдени, археологиялық және табиғи ескерткіштерге бай.
Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» осы өңірден табылған. Табиғаттың ғажайып ескерткіші - «Әуенді бархан» да, ерекше сұлу Шарын шатқалы да осында орналасқан.
Алматы облысы кез-келген ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге мүмкіндік беретін жайлы климаттық аумақта орналасқан. Облыста «Көксу-Шекер» АҚ, «Алматы-Қант» сияқты өз қант зауыттары, түрлі шырындар мен сусындар, джемдер шығаратын оншақты ірі көкөніс өңдеу зауыты, жүгері өңдейтін, басқа да дәнді дақылдарды өңдейтін комбинаттар бар.
Алматы облысы аграрлық аймақ болғанымен, ондағы өнеркәсіптік өндірістің үлесі аграрлық саланың көрсеткішінен басым түседі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің үлесі, аймақтық жалпы өнімнің 41 пайыздан астамын құраса, аграрлық сектордың үлесі - 31 пайызды шамалаған. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің оң динамикасы жылдың соңына қарай облыста өнеркәсіптік өнімдердің өсімі 303 миллиард теңгеге жетеді деп болжауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 9 миллиард теңгеге артық.
Қазақстанның мәдени және қаржылық секторы саналатын Алматы қаласының облысқа жақын орналасуы да маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да Алматы облысы темекі өнімдерін, шыны ыдыстарын, тері, гофрланған картон,, шарап, қант өндіру жөніндегі республикалық тауарлы өндірісте басымдықты жағдайға ие. Оған қоса, аймақ - Қазақстандағы аккумулятор батареялары, гипсокартон өнімдері, жоғары кернеулі желілерге арналған темір-бетон мен темір бағандар, өртке қарсы гидранттар, силикон және синтепон өнімдері өндірілетін жалғыз аймақ. Алматы облысы сондай-ақ чемпиондар шеберханасы. Ауыр атлетика бойынша төрт спортшы - Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Владимир Седов, Светлана Подобедова - былтыр елімізге төрт бірдей алтын әперді. Елбасы олардың жетістіктерімен құттықтап, жеделхат қолдады.
Ал биыл еліміздің медальдар қоржыны тағы төрт алтынмен толықты. Ауыр атлетшілеріміз Түркияда өткен чемпионатта екі «алтын», Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азиялық ойындарда екі «алтын» қанжығалады.
Жаһандық қаржы дағдарысына қарамастан, биыл Талдықорғанда Спорт сарайы пайдалануға берілді. Онда түрлі республикалық жарыстармен қоса, халықаралық жарыстар да өтетін болады.
Оған қоса, қалада Тілдер сарайы мен Білім сарайы бой көтерді.
Қарағанды облысы - Қазақстанның индустриялық орталығы
Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Ол Еуразияның дәл ортасында орналасқан және Солтүстік Мұзды, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан теңдей қашықтықта орын тепкен. Сарыарқада орналасқан облыс бүгінде республикадағы ең үлкен аумақты - 428 мың шаршы метр жерді алып жатыр, бұл Қазақстанның жалпы ауданының 15,7 пайызы.
1,3 миллион адам тұратын облыс Қазақстандағы ең урбанизацияланған аймақ болып табылады. Қала халқының үлесі 80 пайыздан астамды құрайды. Өңірде жүзден астам ұлттың өкілдері тұралы. Орталығы - Қарағанды қаласы - бұрынғы Кеңес Одағының «үшінші көмір кеніші» ретінде танымал.
Қарағанды облысы Қазақстанның индустриялық орталығы деп аталады. Өнеркәсіптік өндірістік көлемі бойынша облыс бүгінде Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Жалпы республикалық көрсеткішті саралайтын болсақ, катод мысының 99 пайызы, қара металдардың 20 пайызға жуығы осында өндіріледі. Ал ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін, шағын орта бизнеспен айналысатындардың саны бойынша, Қарағанды облысы республикада Алматыдан кейін екінші орында тұр.
Ағымдағы жылы облыста Қазақстан Магниткасының 50 жылдығы кеңінен атап өтілгені баршаға мәлім. Мерейтойлық іс-шараға, Магнитка өмірінің бір белесі болған - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің еңбек жолын және саясаттағы мансабын металлургтер қаласы - Теміртауда бастаған.
Қарағанды облысы сондай-ақ ірі мәдени, ғылыми және спорттық орталық. Және Ұлы Жібек жолының бір бөлігі осы аумақ арқылы өткен. Сарыарқа даласында мыңдаған археологиялық ескерткіштер, оның ішінде тас дәуірі мен қола дәуірінің жәдігерлері сақталып қалған. Биыл жазда археологтар Кент тауларындағы Сақ қорғандарын қазу кезінде 2,5 мыңдай жыл бұрын өмір сүрген «алтын адамның» көмбесін тапты.
Қарағанды облысының тарихында қаралы «Қарлагпен» байланысты парақтар да бар. 1930-1940 жылдары кеңес үкіметінің қаһарына ұшыраған көптеген халықтар осы өңірге күшпен қоныс аударылды. Ал соғыстан кейін бұл жерге күшпен қоныс аударылғандардың лагерьлері орналасты. Осындай лагерьлердің бірі орналасқан Спасск қаласында бүгінде мемориалдық ескерткіш кешен бар. Онда әр мемлекет қуғын-сүргінге ұшыраған өз отандастарына ескерткіш белгілер орнатқан.
Атырау облысы - Қазақстанның мұнайлы өлкесі
Атырау (бұрынғы Гурьев ) облысы 1938 жылы құрылған. Оның географиялық орналасу ерекшелігі сол, облыстың бір бөлігі - Азияда, екінші бөлігі - Еуропада орналасқан. Жайық өзені екіге бөліп тұрған осы өңірдің облыс орталығы - Атырау қаласы. Атырау - Қазақстанның мұнайлы астанасы деп аталады.
2010 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, облыс халқының саны 513,3 мың адамды құрайды. 2009 жылғы 1 қаңтардағы мәліметпен салыстырғанда, халық саны 2,3 пайызға өскен.
Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы - көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарайғы шекараның ұзындығы - 350 шақырымды құраса, батыстан шығысқа қарайғы шекара ұзындығы - 600 шақырымнан асады. Солтүстігінде - Батыс Қазақстан, шығысында -Ақтөбе, оңтүстік-шығысында - Маңғыстау, батысында - Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Атыраудан Астанаға дейінгі арақашықтық - 1810 шақырым.
Атырау облысы табиғи ресурстарға бай өңір, ол Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі қарқынды дамып отырған жетекші аймақтарының бірі. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бойынша, облыс республика өңірлерінің ішінде 1-орында тұр. Еліміздің барлық салық түсімдерінің ширек бөлігі Атыраудың үлесіне тиесілі.
Облыс бұрындары экспортқа жөнелтілетін қара уылдырығымен танымал болды. Бекіре тұқымдас балықтардың әлемдік қорының 90 пайызы Каспий теңізінде шоғырланған, ал Жайық өзені - Еуропадағы арнасы реттелмеген жалғыз өзен. Осы жайт бекірелерге өзен арнасына ағылып, уылдырық шашуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары Аырау облыс ірі мұнай кеніштерінің ашылуымен әлемге танылды. Бірінші кезекте, құрғақтағы Кеңіш кеніші мен Каспий қайраңындағы Қашаған кеніші ашылды. 1993 жылы американдық «Шеврон» компаниясы игере бастаған Теңіз кеніші елімізде батыс капиталының қатысуымен қолға алынған алғашқы ірі инвестициялық жоба атанды. Бүгінде Теңізде 24 миллион тонна мұнай өндіріледі. Ал 2011 жылдан бастап өндіріс кеңейтіліп, жылына 36 миллион тоннаға дейін мұнай өндірілмек.
Екінші танымал жоба - Қашаған кеніші, оның қоры 6-9 миллиард баррельге бағаланып отыр. Алдағы жылдары Қазақстан тәулігіне 450 мың баррелге дейін теңіз мұнайын өндіреді деп болжануда. Өндірістік шарықтау шегінде тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін мқнай өндіру жоспарланып отыр.
Өндірілген мұнай қазір негізінен Атырау-Самара және Теңіз-Новороссийск (КТК) мұнай құбырымен тасымалдануда. Ал жақында мұнай құбырының жылдық қуатын 67 миллион тоннаға дейін кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қор балансында көміртек шикізатының 87 кеніші тіркелген, оның 66-сы- мұнай-газ кеніші де, 21-і - газ конденсаты кеніші.
Облыста өнеркәсіптің мұнай саласы ғана дамып отырған жоқ. Ағымдағы жылы 17 қарашасында облысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Президент газ турбинасы жабдықтарын жөндейтін жаңа зауыттың жұмысымен танысты. Бұл зауыт - осындай турбиналарды жөндейтін Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.
Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өңір сондай-ақ, көне қалаларымен де танымал. Бұл өңірде Құрманғазы, Махамбет, Дина сынды танымал тұлғалар түниеге келген.
Ақмола облысы - Астананың азық белдеуінің кепілі
Ақмола облысы астаналық облыс ретінде еліміздегі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм дамыған аймақтардың бірінен саналады. Оның тарихы 1939 жылдан бастау алып, бүгінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының бірқатар аудандарын топтастырып отырған өзіндік даму үрдісі қалыптасқан аймақ. Еліміздің терістік беткейінде 146,2 мың шаршы метр алқапты алып жатқан кең-байтақ өлкеде 742 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 55,1 пайызы ауылдық елдімекендердің тұрғындары. 1999 жылы әкімшілік орталық Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшіріліп, облыс орталығының жаңа даму кезеңі бастау алды. Өңір республика деңгейінде подшипниктің 100 пайызын, ауыр жүк көліктерінің 99,8 пайызын, алтынның 35 пайызын, астықтың 25 пайызын, ауыл шаруашылығы азық-түлігінің 12 пайызын, ет және ет өнімдерінің 10 пайызын, сүт пен сүт өнімдерінің 8,8 пайызын өндіруді қамтамасыз етіп келеді.
Елбасының 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында аграрлы облыстың басым бағыттары ретінде Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету айқындалған болатын. Міне, бүгінгі даму үрдісі осы бағытта қарыштап алға басуда. Соңғы екі жылда жалпы соммасы 18,8 млрд. теңге мөлшеріндегі 31 инновациялық жоба іске асырылса, алдағы уақытта 19 млрд. теңгенің 15 жобасы шешімін табатын болады. 2010-2011 жылдарға арналған әлеуметтік даму жоспарына сәйкес 20 мың бас малды бордақылауға шақталған 6 нысан пайдалануға беріліп, бес мың асыл тұқымды мал өсіруге бейімделген 4 шаруашылық жұмысын бастап кетті.
Қазақстанның индустрияландыру картасына орай ағымдағы жылы «Алтын Тау» акционерлік қоғамының алтын өндіру және өңдеу фабрикасы іске қосылып, жылына 15 тонна сапалы алтын шығару шешімін тапты. Степногорскіде жылдық қуаты 1832 тонна көкөніс өсіретін «Жылыжай технологиясы», Қорғалжын ауданында жылына 5400 тонна ет және ет өнімдерін өндіретін «Астана-азық-түлік» ЖШС-нің ет комбинаты, Еңбекшілдерде жылдық қуаты 2,5 миллион тонна тау кенін өндіретін «Өркен» ЖШС-нің кен өңдеу және байыту кешені пайдалануға берілді.
Өңір сұлу табиғатты аймақ ретінде өзіндік ерекшелігі бар облыс болып есептеледі. Соған сәйкес Елбасының Жарлығымен 2007-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасында «Щучье-Бурабай курорты аймағын» дамыту бөлімі енгізілуі тегіннен тегін емес. Жыл ішінде Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңы сәулет-мәдени кешені, табиғат мұражайында тамашалау орталығы көпшілік сүйсініп тыныстайтын, серуендеп, демалатын орындардың біріне айналып отыр. Қазіргі таңда курортты аймақтағы 226 туризм құрылымы тәулігіне 15 мың адамды қабылдай алады. Оның сыртында 396 нысанда жол бойы сервисі көрсетіледі. Өлкенің көрікті аймақтарының қатарындағы ерекше мәлім Ақкөл, Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын аудандарының көркем табиғи мүмкіндігін туристік кластерді дамыту бағытында пайдаға асыру өркен жайып келеді. Бурабай өңіріндегі «Республикалық шаңғы базасында» 8 мың көрерменге арналған баитлон стадионы, мәдени-спорттық, тынығу кешендері, спорт бассейні ескерілген. Ал екінші кезеңінде 90 және 120 метрлік шаңғымен тұғырдан секіру кешені жобаланған. Оған 15 миллиард теңге инвсетиция тартылмақ. Еліміздің ойын бизнесін өкрендету бағдарламасы аясында Бурабай курорты аймағында 4 ойынхана жұмыс істеп жатса, алдағы уақытта бұлардың қатары тағы үшеуімен толықпақ. Онда келушілердің мәдени тынығуына барлық жағдай ойластырылған.
Маңғыстау облысы индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамыған аймақтардың үштігіне енді
Маңғыстау - Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан түбек. Биіктігі 556 метрге дейін жететін түбектің оңтүстік-шығысы - сортаңды ойпат жерлері бар жазық далаға ұласады. Түбектің басым бөлігі - ұлу қабыршақтарынан түзілген, сортаңды, батпақты жерлер алып жатыр. Ақтау және Қаратау таулары, биіктігі 370 метрге дейін жететін Үстірт жазығы тағы бар. Маңғыстау ашық тұщы тоғаны жоқ аридті аумақта орналасқан. Аридты климат дегеніміз - ауа температурасы жоғары және жауын-шашын аз болатын құрғақ климат, мұндай климат шөл және шөлейт далаға тән.
Аймақтың экономикасы мұнай-газ секторына негізделген. Аймақта өндірілетін барлық өнеркәсіптік өнімнің 92,5 пайызын осы сектордың өнімдері алып жатыр. Бүгінде облыста 17,6 миллион тоннаға дейін мұнай, 2,6 миллиард текшеметр газ өндіріледі. Мұнай мен газдың бай қоры Маңғыстауды ірі отандық және шетелдік компаниялардың қаржылық мүдделері тоқайласқан аумаққа айналды. Солтүстік Каспийдегі көміртек шикізатының барланған және расталған қоры мұнай-газ секторын әрі қарай дамытуға сеп болып отыр.
Маңғыстау мұнайы мен газы сондай-ақ әлемдегі сұранысқа ең көп ие өнеркәсіп саласы - мұнай химиясын дамытуға мүмкіндік беріп отыр.
«Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аумағы инвесторларды көптеп тартып отыр, онда бүгінде импортты алмастырушы, бәсекеге қабілетті және қосымша құны жоғары өнімдер шығаратын және жаңа технологияларға негізделген өндірістер құрылуда. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын және Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасын әзірлеу шараларының аясында жалпы сметалық құны 25,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 43 инвестициялық жоба Картаға енгізілді. Бұл жобаларды жүзеге асырудың арқасында барлығы 37 553 жаңа жұмыс орны құрылады.
ҚР Индустрия және сауда министрлігі бүгінде еліміздің Индустрияландыру картасының алдын-ала тізбесін әзірлеп отыр, оған Маңғыстау облысы бойынша 12 жоба қосылған. Олардың жетеуі Аймақтық индустрияландыру картасына енгізілсе, бес жоба - Республикалық индустрияландыру картасына енген. 43 жобаның қалған 31-і қазір қаралып жатыр. 2010 жылы - 8 жобаны аяқтап, жаңа 4 жобаны бастау жоспарлануда. Биыл аяқталған және әлі аяқталатын жобалардың қатарында: «Диірмен кешені, құрама жем зауыты бар элеватор кешенінің құрылысы», «Баутино кентіндегі Шағын қайықтарды жөндеу зауыты», «Теңіз операцияларына қолдау көрсету базасының құрылысы», «Қысыммен жұмыс істейтін құтылар мен сепараторларды жасау және мұнай мен газ өнеркәсібін қамтамасыз ету үшін құбырларды өңдеу жөніндегі өндірістік базаның құрылысы», «Ақтау әуежайында халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы және ұшып-қону алаңын қайта жаңарту», «Медициналық мақсаттағы сұйық дәрілерді шығаратын фармацевтикалық кешеннің құрылысы», Баутино кентінде салынатын «Бұрғылау еріткіштерін әзірлеу жөніндегі қондырғылардың құрылысы», «Металл құрылғылары зауытының өндірістік алаңының құрылысы» бар.
Ағымдағы жылы аймақта жалпы сметалық құны 110,9 миллиард теңгені құрайтын және 3 443 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін тағы 4 жобаны бастау жоспарланып отыр. Олар: «Ақтау пластикалық масса зауытының базасындағы Жол битумдарының өндірісі» жобасы. «Өзен теміржолы - Түркіменстанмен арадағы мемлекеттік шекара теміржол желісінің құрылысы», «Металл құрылғылары зауытының құрылысы», «Шағын және орта бизнестің қнеркәсіптік паркі» жобалары.
Шағын бизнес - Оңтүстік Қазақстан экономикасының негізі
Республиканың аса ірі аймақтарының бірі - Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында Жамбыл, солтүстігінде Қарағанды, батысында Қызылорда облыстарымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Оның жер аумағы 117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,4 млн. халық тұрады.
Облыстың ауа райы ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы. Тұрғындардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрады, олар бағзы заманнан бері диқаншылықпен, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Аймақтың маңызды міндеттерінің бірі - саланы жетілдіру. Оның мақсаты - бүкіл Қазақстанды жыл бойына көкөніс-жемістермен қамтамасыз ету. Жыл өткен сайын жылыжайлар мен көшетханалардың, тамшылатып суғарылатын егістіктердің ауқымы кеңейтілуде. Сонымен қатар өндіру кәсіпорындарының саны артып келеді. Ағымдағы жылы шаруалар тарапынан 400 мың тоннадан астам көкөністер мен жеміс-жидектер өсірілді.
Облыстың өнеркәсіп саласында 182 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істеуде, дегенмен елдегі олардың жалпы өндіріске қосар үлесі тек шамамен 2 пайызды құрап отыр. Жыл бойына аймақты индустрияландыру бағытында маңызды қадамдар жасалды. Нақтырақ айтар болсақ, «Индустриялды аймақ» құрылды. Барлық инфрақұрылымы сақталған бұрынғы фосфор зауыты аумағында жаңа кәсіпорындар салу үшін жер телімдері берілуде. 20-ға жуық жоба әкімдік тарапынан қолдау тапты, бірнеше кәсіпорын құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде шетелдік қаржыға салынып жатқандары да баршылық. Сонымен қатар жыл басынан бері бірнеше инновациялық кәсіпорын іске қосылды. Оның ішінде мақта целлюлозасын шығаратын «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС, мотор майларын шығаратын «Hill Corporation» ЖШС, мақта тоқымасын өндіретін «Oxi Textile» ЖШС, жүн өңдейтін «Биязы» БӨК, керамогранит шығаратын «Керамогранит» ЖШС бар.
ОҚО экономикасының ерекшелігі - барлық салалардағы шағын бизнестің қарқынды дамуы. Қазіргі уақытта аймақта 150 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері жұмыс жасайды. «Шағын және орта бизнес, осы Оңтүстік Қазақстанда секілді дамуы керек. Бізге қазір 20 мың адам жұмыс істейтін алпауыт кәсіпорындар емес, 20-30-50 адам жұмыс жасайтын кәсіпорындар қажет. Ал атқарушы билік осы үшін барлық жағдайларды жасап, біз бизнес үшін бағдарлама бойынша ұсынып отырған барлық жеңілдіктерді түсіндіруі қажет», - деді үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысында болған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қостанай облысы - Қазақстанның астық қоймасы
Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс орталығы - Қостанай қаласы, 1979 жылы құрылған, Тобыл өзені жағасында орналасқан. Бұл Қазақстанның ірі облыстарының бірі, ол Орал таулары, батыссібір жазығы мен Торғай үстіртінің қиылысында орналасқа. Қостанай облысы арқылы өтетін ірі өзендер - Тобыл мен Торғай. Тобыл өзенімен көптеген аңыздарды байланыстырады.
Облыстың географиялық орналасуы аса тиімді. Ол республиканың 4 басқа облыстарымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және СҚО) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Корған) шектеседі. Облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы 1 250 километрді құрайды.
Қостанай облысының аумағында жүзден астам ұлттар мен халықтар өмір сүреді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы мәліметттер бойынша облыс тұрғындары саны - 886.3 мың адам құраған, олардың ішінде 35,9% қазақтар, 40,7% - орыстар, 11,5% - украиналықтар, 3,8% - немістер, 8,1% - басқа ұлттар. Халықтың тығыз орналасуы бір шаршы километрге 4,5 адамды құрайды. Ең халықтың көп шоғырланған жерлері Қостанай, Рудный және Лисаковск қалалары, ал аз қоныстанған жерлер - облыстың оңтүстік аудандары, мұнда халық тығыздығы 1 шаршы километрге 0,4-тен 0,8 адамды құрайды.
Қостанай облысын Қазақстанның астық қоймасы деп те атайды. Көптеген адамдар оны тың жерлермен байланыстырады. Қазіргі ол дәнді дақылдарды жеткізудің ең үлкен орны. Қостанай облысының жалпы жер аумағы -19 600 мың гектарды құрайды. Ауылшаруашылығы жерлері 18 123,4 мың гектар жер, оның ішінде 5 659,3 мың гектар немесе ауылшаруашылығы жерлерінің 31,2 пайызын егістік жерлері, 12 072 мың гектарын (66 пайыз) жайылымдар алып жатыр.
Қостанай облысында өсірілетін дәнді дақылдар өзінің жоғары сапасымен ерекшеленіп, дүниежүзінде үлкен сұранысқа ие. Қазіргі заманғы аграрлық технологияларды қолданудың арқасында облыстың жер игерушілері кез-келген ауа-райында кепілдендірілген өнімді жинап отыр.
Аймақ сонымен қатар өңдеу және тамақ өнеркісібімен де танымал.
Облыс орталығы Қостанай - қазіргі күні ең таза әрі өзіндік тарихы бар Қазақстанның облыс орталықтарының қатарында. Оның сәулет келбетінде жақсы өзгерістер орын алуда. Жаңа құрылыстар салынуда, көшелер, гүл бақтары, тарихи ғимараттар, әлеуметтік және спорттық нысандар қайта жөндеуден өткізілді. Мұз сарайы салынды, қаланың Орталық стадионы УЕФА талаптарына сай келтірілді, Қазақ драма театрының құрылысы басталды. 2004 жылы қала үстінде қайырымдылық ақшаларға салынған жаңа православты Константиндік-Елениндік храмның күмбезі шарықтады. Биылғы жылы собор кафедралдық деген мәртебеге ие болды. Күмбездері алтынмен жалатылған жеті басты ғибадатхана Қостанай мен жалпы аймақтағы рухани сенімнің оянғанын паш етеді.
Шағын қалалардың өмір сүруі өнеркәсіп өндірісінің арқасында қамтамасыз етілуде. Арқалық қаласы 1956 жылы аллюминий өндіру өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылды. Жітіқара 1939 жылы құрылды, оның негізін асбест өндірумен айналысатын «Қостанай минералдары» кәсіпорны АҚ құрады. Рудный қаласы 1957 жылы темір кені орнын игеруге және Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатын салуға байланысты пайда болды. Облыстық жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай, мұнда: магнетитті және оолитті темір рудасы, боксит, алқызыл көмір, асбест, отқа төзімді және кірпіш саз балшығы, флюсті және цементті әк, шыны құм, құрылыс тастары және тағы басқалары жеткілікті. Магнетитті рудалар мен құба теміршектердің жалпы қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Шамамен 400-дей пайдалы қазбалар мен минералды шикізат орындары барланды, оның ішінде 68 жерасты суы, 19 боксит кен орны ашылды, 7 - алтын, бір-бірден күміс пен никель бар.
Аймақ аумағында ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысандары тізіміне енгізілген Наурызым қорығы орналасқан. Қорықтың негізі 1931 жылы қаланды. Мұнда көптеген құс түрлері мекен етеді. Жылы жаққа ұшып бара жатқанда олардың 150-ден астам түрлерін бақылауға болады. Наурызым қорығы - республика солтүстігінің ең басты да қайталанбас табиғи ғажайыптарының бірі. Ғалымдар Наурызымды далалы Қазақстанның табиғат кешендерінің бірегейі деп санайды. Орман, дала және су-батпақ ландшафтардың үндесуі оған бүткіл әлемнің ғалымдары мен туристердің назарын аударуда.
Байқоңыр - Жердің ғарыш айлағы
Құрамына Байқоңыр қаласы мен осылай аталатын ғарыш айлағы кіретін «Байқоңыр» ғарыш кешені үстіміздегі жылдың маусымында өзінің құрылғанының 55 жылдығын атап өтті.
Құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынау және КСРО-ның зымырандық-ядролық қалқанын құру үшін полигон салу туралы шешімді 1955 жылдың 12 сәуірінде КСРО үкімет қабылдады. 1955 жылдың 2 маусымында Кеңес Әскерінің Бас штабы полигонның ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын бекітті. 2 маусым күні «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылған күні ретінде аталып өтіледі.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жер аумағында ғарыш айлағы орналасқан Қазақстан мен Байқоңырда ғарыштық бағдарламалары орындалып жатқан Ресей ғарыш айлағының және қаланың тіршілілігінің жаңа жағдайы туралы шешім қабылдады.
1994 жылдың 28 наурызында екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Борис Ельцин «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру жағдайында пайдаланудың негізгі қағидалары мен ережелері туралы келісімге қол қойды. Ресей ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Қазақстанға жыл сайын 115 миллион доллар төлеп тұрады. Өзара қарыздарды өтеуден кейін Байқоңыр үшін жалға алу ақысын Ресей 1999 жылдың 1 қаңтарынан бері төлеп келеді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Циклон», «Энергия», «Молния», «Союз», «Рокот» ,«Протон», «Зенит», «Днепр» ракета-тасымалдағыштарына арналған 15 ұшыру құрылғылары бар тоғыз ұшыру кешені бар. Қазіргі күні негізгі ауыртпалықты «Союз» ғарыштық зымырандық кешені көтеріп келе жатыр. Ол Халықаралық ғарыш станциясы бағдарламасы бойынша «Союз» басқарылатын және жүк кемелерінің ұшырылуын қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ негізінен коммерциялық мақсаттардағы ұшуларды жүзеге асыратын «Протон» ауыр ракеталары ұшырылатын «Протон» ғарыш кешеніне де түсіп отырған жүктің салмағы ауыр.
Ғарыш айлағында ракеталар мен жер серіктерін құрастыруға арналған 11 монтаждық-сынақ кешендері бар. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының аумағында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Зымыран-тасымалдағыштардың бірінші сатысының құлауы үшін 18 миллионнан астам жер телімдері бөлінген.
Ғарыш айлағының әкімшілік орталығы болып табылатын Байқоңыр қаласында қазіргі күні 70 мыңға жуық адам тұрып жатыр. РФ халық санағының соңғы мәліметтері бойынша, қала тұрғындарының 60 пайызына жуығын Қазақстан Республикасының азаматтары, қалғандары Ресей азаматтары құрайды
Жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш кешенінің жұмыс істеу және тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін негізгі органы болып Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік кіші комиссиясы табылады. Ол 1997 жылы құрылған.
Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік кіші комиссия екі тараптағы төрағалары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресей Федералдық Ғарыш агенттігінің жетекшісі Анатолий Перминов.
Ақтөбе облысы: индустрияландыру жолында
Ақтөбе облысы, 1932 жылдың 10 наурызы күні құрылған, Қазақстанның батыс аймағында орналасқан және аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейін екінші орынды алады.
Аумағы үлкен аймақ оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, солтүстігінде Ресеймен шекараласады. Ақбөбе облысы сонымен қатар Қазақстанның алты аймағымен, атап айтқанда шығысында - Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарымен, батысында - Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шекараласады. Облыс шекарасы Орал тауларының салалары - Мұғалжардың кіші таулары болып табылатын Еуропа пен Азия тоғысында орналасқан. Облыс батысында Каспий маңы ойпатымен, оңтүстігінде Үстірт жонымен, оңтүстік-шығысында Тұран ойпатымен және солтүстік орталығынан оңтүстікке қарай Мұғалжармен шекараласатын аумақты алып жатыр. Ақтөбе облысының батысында Каспий маңы ойпаты, оңтүстік шығысында адырлы құм массивтері, Арал маңы Қарақұмдары мен Үлкен және Кіші Борсық құмдары бар.
2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша облыстағы халық саны - 724,1 мың адамды құраған, соның ішінде қала тұрғындары 395,4 мың адам (54,6%), ауыл халқы 328,7 мың адам (45,4%). Халықтың басым бөлігі, яғни 80 пайызға жуығы қазақтар, басқа бөлігі орыс, татар, украин, неміс және басқа да ұлттардан тұрады.
Аймақтың өндірістік әл-ауқаты негізін бәсекеге қабілетті өнімдерін әлемдік нарыққа шығарып жүрген бірегей өнеркәсіптік кешендер құрайды. Олар - Қазақстанда қазылатын хром кенінің бүкіл көлемін қамтып, инновациялық технологиялар базасы бар өнеркәсіптік қуаттылығын іске қосып отырған «Дон тау-кен байыту комбинаты» АҚ; «ТНК«Қазхром» АҚ құрамына кіретін және қазақстандық ферро қорытпаның төрттен бірін өндіретін «Ақтөбе ферроқорыту зауыты» АҚ; хром тұздарын, хром тотықтарын, хром ангидридін, натрий бихроматын өндіретін «Ақтөбе химиялық байланыс зауыты» АҚ; Жаңажол және Кеңқия кен орындарын өңдей отырып, облыстағы өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарға ірі инвестиция құйып отырған «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ ірі мұнайгаз кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Ақтөбе облысының өңірде жаңа өндірістерді іске асыруға негіз болып отырған орасан зор табиғи ресурстары мен айтарлықтай зияткерлік әл-ауқаты бар. Бұл аймақты мұнайлы өлке деп атағанымен, бұл жерде өндіруші салаларды дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар әзірленіп, сонымен қатар шикізатты терең өңдеуге арналған технологиялар енгізілуде.
Облыста Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік көлемінің 9 пайызы шығарылады. Ағымдағы жылдың 9 айындағы қорытындылар бойынша өнеркәсіптік өнімнің көлемі 653,2 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің барлық салаларында өсудің жағымды қарқыны байқалады. Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5 670,1 млн. АҚШ долларын, соның ішінде экспорт - 4 702,1 млн. АҚШ долларын, импорт - 968,0 млн. АҚШ долларын құрады.
Ақтөбе облысында 2010-2014 жылдарға арналған елдегі Үдетілген индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылып, экономиканың нақты салаларында жоспарланған өсу екпініне қол жеткізілді, өнеркәсіптік өндірістің де қарқынды дамуы байқалады.
Ақтөбе облысы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел аймақтары ішінен индустриялдық-инновациялық даму қарқыны көрсеткіштері арасында бірінші орынды алды.
Үстіміздегі жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республиканың Индустрияландыру картасына енгізілген 12 жобаның төртеуі пайдалануға берілген.
Павлодар облысы - Қазақстан энергиясының орталығы
Павлодар облысы 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Облыс Еуразия құрлығының түбінде, Атлантика және Тынық мұхиттарынан тең қашықтықта орналасқан, аумағы 127,5 мың шақырымды құрайды. Облыстың басым бөлігі жер шарының үлкен жазығы - Батыс Сібірдің оңтүстігінде жатыр. Бұл өңірді қазақ халқы ертеден Сарыарқа деп атайды.
Облыс халқының саны - 752,2 мың адам, өңірді 100-ге тарта ұлттар мекендейді. Облыстағы үш қалады 502,9 мың адам тұрады, халықтың басқа бөлігі ауылда елді мекендерде қоныс тепкен.
Облысты көбіне көп Павлодар Ертісі деп атайды, облыс аумағы бойынша Қытайдан Ресейге қарай жылдық ағысы 100 шаршы шақырым болатын трансшекаралық Ертіс өзені ағып жатыр. Бұл жерден әлемде теңдесі жоқ 500 шақырымды алып жатқан, елдің өнеркәсіптік орталықтарын сумен қамтамасыз ететін Ертіс-Қарағанды арығы басталады.
Өңір тыңайтқыштарға өте бай - бұл жерде Қазақстандағы көмірдің үштен бірі, алтынның 9,4 пайызы, мыстың 3,7 пайызы, құмдардың 32 пайызы, әк тас қосындылардың 32 пайызы бар. Белгілі болып отырған 115 барланған пайдалы қазбалар кен орнының 48-і пайдаланылып жатыр. Облыс индустриялық тұрғыдан дамыған өңір, Екібастұз жылу-энергетикалық кешені аса белгілі. Заманауи технологиялармен жұмыс істейтін ірі көмір разрездерінде қатты отынның жалпы республикалық көлемінің 70 пайызы алынады. Екібастұздың қатты көмірімен Қазақстанның ірі үш электр станциялары жұмыс істейді, олар ресупбликадағы электр қуатының 40 пайызынан астамын шығарып отыр. Екібастұз көмірі ресейлік электр стансаларына ірі көлемде сатылады.
2010 жыл Павлодар облысының тарихында үдетілген индустриялық-инновациялық дамуымен есте қалатын болды. Бірінші жарты жылдықта 12 ірі жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорында жылына 250 мың тонна таза алюминий шығаруға мүмкіндік беретін электролизді зауыттың екінші кезеңін іске қосуға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.
Ақсу ферроқорыту зауытына жаңа технологиялыр енгізіліп, Павлодарда құбыр мен илемделген темір бұйымдарын шығару игерілді, ваккумды болат пеші іске қосылды. Мұнайхимиялық зауытта «Еуро» жанармайларын өндіруге арналған сутекті құрылғы салынған, мембрана технологиясы бойынша хлор шығаратын кәсіпорын іске қосылуға дайындалуда. Бүгінгі таңда облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7 пайызы тиесілі.
Павлодар облысы талай таланатты адамдардың кіндік қаны тамған жер, бұл өлкеде әлемдік деңгейдегі ғалым, қазақтың бірінші академигі Қаныш Сәтпаев дүниеге келген. Аймақ бойынша білім беру жүйесі ойдағыдай дамып келеді, Павлодар мемлекеттік университеті, Еуразиялық инновациялық университет пен Мемлекеттік педагогикалық институт еуропалық білім беру құрылымымен ықпалдасуда, шетелдік университеттермен тәжірибелер алмасуда, мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда.
Павлодар облысы тарихтың қайғылы кезеңдерін де жадынан шығармайды. Саяси лаңкесттік жылдарының құрбандарына айналған тұлғалар есімі «Естелік кітабы» атты топтамаға жазылған. Саяси тұтқындардың лагері орналасқан Екібастұзда ескерткіш ашылып, қаза тапқанардың зираты қалпына келтірілді.
Шырайлы мекен - Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысын «Қазақстанның тәжі» деп атайды. 283,3 мың шаршы шақырымды алып жатқан өңір көршілес үш ірі мемлекетпен, атап айтқанда Ресей, Қытай және Моңғолия елдерімен шекараласады.
Аймақтың ғажап келбеті табиғатының сұлулығымен, әр алуандығымен ғана шектелмейді, облыс пайдалы табиғи қазбаларға да өте бай. Бұл жерде табиғи аймақтардың барлық түрі, ормандар, дала жазықтары, шөлейттер мен жартылай шөлейттер, сарқырамалар мен минералды бұлақтар, мұздардың мәңгі жібімес тоңдары мен альпілік шалғындар бар. Алтай-Саян аумағында орын тепкен экологиялық аймақты ЮНЕСКО әлем өңірлерінің табиғи эталоны ретінде бөліп ерекшелеген. Бұл жерде республика орман қорларының шамамен 60 пайызы және елдегі тұщы сулар қорының 80 пайызы бар. Аймақта екі мыңна астам көл мен 800 өзен бар.
Өсімдіктер әлемі мен хайуанаттар әлемінің әр алуандығы мен көптігі тұрғысынан тамаша өлкеде естен кетпес саяхат жасауға, табиғи кәсіп жасауға, көне емдеу түрлерін жасауға үлкен мүмкіндік бар. Солардың бірі бұғының мүйізімен емдеу. Қатон-Қарағай табиғат қорығында маралдар өсіріліп, олардың мүйіздерін кесу арқылы мүйіздәрі дайындалады, бұл дәрі адамның иммунитеті мен күш-жігерін қалпына келтіреді.
Ал аймақтың жер қойнауында полиметалл кендерінің сирек кездесетін түрлері бар. Бұл өңірдегі кен орындарының қазба байлықтары кешенді болып келеді, қорғасын мен мырыш, болат пен кадмий, висмут, алтын мен күміс, селен, теллур, индий мен сүрме бар. Кен байлықтарының көптігі, полиметталдар мен сирек кездесетін металдарды қазу аймақтың өнеркәсіптік ерекшелігін де қалыптастырды. Айта кетерлігі, бұл кәсіптің тарихи тереңде жатыр. Әлемге әйгілі болған Берел қорғандары мен Шілікті аңғарының археологиялық қазба жұмыстары бұл өңірде алтын Геродот заманында, біздің дәуіріміздің 3 ғасырында қазылғанын және алтыннан әдемі зергерлік бұйымдардың жасалғанын көрсетті. Бұл жерде, яғни Патшалардың аңғарында скиф-сақ тайпаларының жерленген жерлері табылған, ал ғалымдар болса Шығыс Қазақстан орналасқан Алтай жері алғашқы түріктердің отаны екенін айтады.
Алайда Шығыс Қазақстан тарихының тамыры одан да тереңде жатыр, бұрынғы заманда Зайсан суы мен оның жағасында динозаврлар болған. Қытаймен шекаралас аумақтардағы көлдерде бүгіннің өзінде бұрынғы дәуірлердің жасанды естеліктері сақталған, ал таңғажайып табиғи ерекшеліктің шын екеніне көлдің бетінде кешкісін естілетін әуен сендіреді, сондықтан өзенді «Хут-Хуту-Нор- қоңыраулы әуен көлі» деп атайды.
Дегенмен «Қазақстанның тәжі» мәртебесі үшін Шығыс Қазақстан ең алдымен адамға және оның іс-әрекетіне борышты. 40 жлыдан астам бұрын бұл өңірде бой көтерген полиметалл өнімдерінің барлығын дерлік өндіретін өнеркәсіптік өндірістік алып зауыттар бүгінгі таңда қайта жаңғыртылып, жоғары технологиялы өнімдер Қазақстанның үдемелі индустрияландыру жоспарына сай қатарға қосылып жатыр. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму картасына Шығыс Қазақстан облысынан құны жүздеген миилиард АҚШ долларын құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру жөніндегі 29 ірі индустриялық-инновациялық жоба енгізілді.
Әлемдегі қорғасын мен мырыш өндіретін ірі кәсіпорын «Қазцинк» заманауи мыс электролизі зауытының құрылысы жобасын аяқтауда. ТМД аумағындағы титанмагниттік өнім өндіретін толық айналымды жалғыз зауыт «УК ТМК» титан құймасы мен қорытпа өндіретін зауыттың құрылысын аяқтауда.
Атом энергия стансалары үшін отын шығаратын «Үлбі металлугрия зауыты» атты әлемдік деңгейдегі тағы бір бірегей кәсіпорын электронды өнеркәсіпке арналған танталды ұнтақ шығару жөніндегі жобаны аяқтады. Зауыт сондай-ақ берилий өнімінің кең таңдаулы өнімдерін шығарады. Мұнайгаз, конденсатор, кабельді, электр құрылғылары мен басқа да көптеген өндірістер қайта жаңғыртылып жатыр.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан ғарыштық металдар мен отандық атом өнеркәсібінің отаны ғана емес, Қазақстан тарихына бұл аймақ ұлттық қазақстандық валюта - теңгенің отаны болып жазылмақ. Бұл жерде тәуелсіздік жылдары Үлбі мелаллургия зауыты базасында ашылған «Қазақстан тиын сарайы» ойдағыдай жұмыс істеп келеді.
ШҚО - 1992 жылы құрылған Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің де отаны. Жүз қырықтан астам ұлт өкілдері бар аймақ бүгінгі таңда Шығыс пен Батыс мәдениетінің бірігуінің арқасында этникалық дамудың көшбасшысы атанып отыр. Биылғы жылдың жазында Өскемен қаласында Этноауыл ашылып, осындай ауылдар еліміздің барлық қалаларында да құрыла бастады. Этноауылда дәстүр, мәдениет, тілдер, салттар топтастырылған.
Аймақ ең инновациялық дамыған өлке атануға құқылы, Курчатов қаласының аумағында Қазақстанның Ұлттық ядро орталығы ашылып, қазақ ғалымдары Ресей, Жапония, АҚШ ғалымдарымен бірге термоядролық күн жасауда бірлесе жұмыс істеп жатыр.
Бұл өңірде үзіліссіз ұйымдастырылып отыратын дөңгелек үстелдер, көптеген халықаралық форумдар, кездесулер, конференциялар индустриялды, инновациялық және адамгеркішілік әл-ауқаты бай Қазақстанның шығысына деген қызығушылықты анық көрсетеді. Әрине, ең алдымен бұл аймақтың Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия шекараларының түйісінде жатқандығымен байланысты. Бұл елдерге трансшералық Ертіс, Үлкен Алтай өңірлері ортақ, экологиялық жүйелері де ортақ. Бұл ерекшеліктердің барлығы өзара тиімді тығыз ынтымақтастық орнатуға тамаша мүмкіндік береді.
Айта кетейік, терең ынтымақтастық мәселелері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында өткен шекара маңы ынтымақтастығының 7-нші форумында талқыланған болатын.
Батыс Қазақстан болашаққа батыл қадам жасап барады
1932 жылы құрылған Батыс Қазақстан облысы еліміздің батыс қақпасы болып табылады.
Аумағы 151,3 мың шаршы шақырымды алып жатқан өңірде 627,3 мың адам тұрады. Жалпы ұзындығы - 2428 шақырым Жайық өзені (Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 1082 шақырым) БҚО-ны қақ жарып ағып жатса, шипалы суымен ерекшеленетін Шалқар көлі (360 шаршы шақырым) Теректі ауданында орналасқан.
Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор сынды Ресейдің бес бірдей аймағымен (1532 шақырым) және Қазақстанның Ақтөбе, Атырау облыстарымен шектесетін БҚО республиканың өнеркәсіпті-аграрлы өңірі болып есептеледі. Облыс экономикасының негізін өнеркәсіп өндірісі құрайды, биылғы бірінші жартыжылдықта оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі - 55,1 пайыз.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінен республикалық рейтингіде биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бірінші орынды еншіледі.
Соңғы он жылда БҚО-да жалпы аймақтық өнім - 7 есеге, өнеркәсіп өнімі көлемі - 10,2, өңдеу өнеркәсібі көлемі - 3,7, ауыл шаруашылығы өнімі - 2,2, шағын бизнес кәсіпорындарының өнімі - 2,2 есеге, инвестиция 12,1 пайызға өсті.
Биылғы он айда өңірде 793,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, соның 90 пайызы кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Әлемдегі ірі кен орындарының бірі - Қарашығанақты шетелдік альянстың игеріп жатқаны белгілі. Соңғы кезде онда қазақстандық үлесті арттыруға ерекше мән берілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ұзындығы 550 шақырымнан астам «Қарашығанақ-Орал» магистралды газ құбыры іске қосылып, бұл облыстың бірқатар аудандарын, барлығы 146 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Батыс Қазақстанда жалпы құны - 271 млрд. теңге болатын 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, соның тоғызы (90 млрд. теңге) республикалық индустрияландыру картасына енгізілген болатын.
Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы құны - 57,9 млрд. теңге төрт индустриялық жобаның тұсауы кесілді. Соның бірі - өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған қуаты 54 МВт-тық Орал газтурбиналы электр стансасының алғашқы кезегі республикадағы ірі жобалардың қатарында биылғы 28 маусымда ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен пайдалануға берілді. Екінші және үшінші кезеңі биылғы желтоқсанда іске қосылатын бұл жобаның жалпы құны - 10,3 млрд. теңге.
Сондай-ақ жыл аяғына қарай құны 30 млрд. теңгеден астам тағы бірнеше жобаны бітіру көзделіп отыр. Соның ішінде Чинарев кенішіндегі газды кешенді дайындау қондырғысы (28,1 млрд. теңге) ерекше орын алады. Тазартылған, сұйытылған газ және конденсатты өндіретін қондырғы экспорттық өнімді ұлғайтумен бірге ілеспе газды да пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Мұның экологиялық маңызы да зор. Сонымен қатар газ Орал газтурбиналы электр стансасына бес жыл бойы арзан бағамен беріледі.
Соңғы жылдары жоғары технологияға негізделген мұнайгаз саласы жабдықтарын шығаруға маманданған «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ жеңіл ұшақ құрастыруды да көздеп отыр. Сол секілді «Орал «Зенит» зауыты» АҚ шекара қызметі үшін «Сұңқар», «Бүркіт» катерлерін, сондай-ақ су ығыстырғыштығы 230 тоннадай «Барыс» кемесін құрастырумен айналысып келеді. Басқа да өндіріс орындары даму бағытын ұстануда.
Әлемнің 95-тен астам елімен байланыс жасайтын БҚО-ның саудадағы әріптестері - Ресей (38,3 пайыз), Голландия (12,3 пайыз), Финляндия (10,1 пайыз) және басқалар. Биылғы сегіз айдағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 385 млн. 161 мың АҚШ долларына жетті, бұл - өткен жылғыдан 22 пайызға артық.
Жамбыл облысы индустриалды-аграрлы болашаққа жол тартты
1939 жылы құрылған, Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, 144,2 мың шаршы шақырым аумаққа ие, миллоннан астам халқы бар Жамбыл облысы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму үшін орасан зор әлеуетке ие болып отыр.
Облыстың негізгі әлеуеті дамудың қажетті деңгейіне қол жеткізген немесе нық дамып келе жатқан базалық салалармен ғана шектелмейді. Аймақ іскерліктің жаңа түрлерін құруға және аймақ экономикасының алға жылжыған құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр алуан ресурстар, әріптестер мен инвесторлар үшін өзінің қызығарлық әл-ауқатына негізделген.
Аймақтағы табиғи-климаттық факторларл күшінің алдыңғы қатарлы салаларының бірі - бағытының және өндірілетін ауыл шаруашылық өнім түрлерінің әр алуандығымен ерекшеленетін ауыл шаруашылық саласы болып табылады.
Жамбыл облысы Қазақстандағы тұщы жер асты суларымен қамтамасыз етілген аймақтардың бірі. Облыс жер асты суларының қорлары бойынша республикада үшінші орынға ие, сонымен қатар тәулігіне 4,5 млн. текше метр қорлар шығаратын 40 кен орны табылған.
Жыл бойы күн мен желге қанық, шағын өзендердің басым бөлігіне ие облыс Қазақстандағы экологиялық таза қуат көзі - күн және жел электр станцияларының дамуына арналған маңызды алаңға айналуы мүмкін.
Бұл өңір пайдалы табиғат байлақтарынан кенде емес. Өңірде асыл металл - алтын, түсті металлдар қатарына жататын - болат, қорғасын, мырыш, қара металдар қатарын толықтыратын - темір, марганец, хром, титан, ванадий қоры бар. Бұдан бөлек еритін шпат, бариттер, көмір, минералды тұздар да бар. Облыс аумағына республикадағы фосфор қорларының 71,9 пайызы, еритін шпаттардың 68 пайызы, алтынның 8,8 пайызы, мыстың 3 пайызы, уранның 0,7 пайызы тиесілі. Минералды ресурстарды игеру облыс экономикасының экспортқа шығарылатын шикізат емес секторын құруға негіз бола алады.
Шу-Іле өңірінің сирек кездесетін минералдылығы вольфрам, молибден, қалайы, висмут, берилий мен басқа де элементтердің бар болуымен сипаталады. Облыс Қазақстанның байырдан бері уран шығаратын өңірлерінің бірі. Өңір территориясы зергерлік және техникалық алмаз кен орындарының анықталуымен сипатталатын оңтүстік өңірінің алмазды аймағына жатады. Құрылыс материалдарының орасан зор қорлары да бар.
Шу-Сарысу ойпатының шетінде табиғи газдың бірнеше орындары анықталған. Амангелді газ кен орнын қазғаннан бері 20-дан астам ұңғымалар бұрғыланып, олар тәулігіне миллион текше метрге дейін көгілдір отын береді. Облыс халқы осы өңірдің газын тұтынады. Газконденсат кен орындары бар, өңірді өз жанар-жағармаймен қаматамасыз ететін газ өнідіруші зауыт салынып жатыр.
Жамбыл облысы фосфор шикізатының тамаша базасы болып табылады. 2008 жылы Таразда химия саласының мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өткізген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің химиялық өнеркәсібінің тарихи орталығы болып табылатын өңірде химия саласын қайта жандардыру керек екенін атап өткен болатын. «Ресейлік және қазақстандық ірі компаниялар болып табылатын төрт ірі инвесторлар Жамбыл облысына бес миллиард долларға дейін инвестиция құюға дайын. Қазақстан сары фосфордың үлкен қорына ие, және бұл пайдалы қазба қазір әлем нарығында сұранысқа ие», - деген еді Елбасы.
Облыстың кезекті бір баға жетпес байлығы ол әрине адамдар. Аймақ әрдайым білікті еңбек әлеуетімен ерекшеленеді және де өңір бойынша біртіндеп заманаиу іскерлік орта қалыптасып келеді. Аймақта бизнесті дамытып немесе жергілікті кәсіпкерлікке мүдделілік танытып жүрген орталар арасында ОАО «ЕвроХим», Siemens, GeneralElectric, Robert Bosch, Caterpillar, Қазфосфат, Қазтрансгаз, Е-4 Тобы, MigaGroup, Salmet, Тараз металлургия зауыты сияқты басқа да ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Сонымен қатар облыстың жаңа инфрақұрылымын қалыптастырып отырған жаңа кәсіпорындардың дамуы үшін кең ауқымды мүмкіндіктер қарастырылған. Қазақстанның оңтүстігіндегі елжелгі аймақтан «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» транзиттік көлік дәлізі мен елдің батысынан оңтүстігіне беттейтін газ құбыры өтеді.
Өңірде үш табиғи қорық жұмыс істейді. Оларға жеке тоқталар болсақ, 17,5 мың гектар аумақты алып жатқан «Берікқара» шатқалында Қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы ағаш-бұта тектес және шөпті өсімдіктердің 50-ден астап түрін кездестіруге болады, және де арқар, үнді жайраларын да осы жерден көре аласыз. 3,07 мың гектар аумақты алатын, Іле Алатаудың батыс тарамдарында орналасқан «Қарақоңыз» шатқалында алма, алша, жүзім жемістер, үйеңкі ормандар, тұт ағашы, грек жаңғағы өсіріледі. Соңғы табиғи қорық Аңдасай мемлекеттік зоологиялық қорығы, оның аумағы 1000 мың гектарды алып жатыр, Шу өзенінің оң жақ жағалауында орын тепкен.
Облыс орталығы Тараз қаласы, VII-VIII ғасырлардағы Жібек жолының ең көне және ең ірі сауда-әкімшілік орталығы болып табылады. 2002 жылы Тараздың 2000 жылдығы аталып өтілген болады.
Облыста қазақ және орыс драма театрлары бар, сонымен қатар филармония, 5 мұражай, 267 кітапхана, 174 клуб пен мәдениет үйлері жұмыс атқаруда.
Жамбыл облысы Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Бахтияр Артаев сынды олимпиада чемопиондарының өлкесі. Қазіргі кезде аймақ бойынша алдағы бес жылға арналған Жамбыл облысының дамуы жөніндегі стратегиялық бағдарлама дайындалған.
Сыр елі, жыр елі - Қызылорда облысы 1938 жылғы 15 қаңтарда іргесі қаланған Қызылорда облысы республиканың түстік бөлігінде, Сырдария өзенінің орта ағысы бойында, Арал теңізінің шығыс жағында, негізінен Тұран ойпатының ендігінде орналасқан. Облыстың шығыс жақтағы екі ауданы терістік беткейіне Қаратау жотасының соңғы сілемдері келіп жығылса, аймақтағы Аралдан басқа аудандардың барлығы түстігінде Қызылқұм бұйраттарымен шектесіп жатыр.
Соңғы, 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша облыс аумағында 978,8 мың адам тұрады. Олардың 284,3 мыңы қала тұрғындары, 394,5 мыңы ауыл тұрғындары. Қызылорда облысында тұратын халықтың арасындағы қазақтардың үлес салмағы 95,3 пайызды құрайды. Жалпы, аймақты 80-ге жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері мекен етеді.
Қызылорда облысының жер қойнауы минералды-шикізат қорларына аса бай. Мұнда республика жеріндегі ванадий қорының 65 пайызы, уранның 14 пайызға жуық бөлігі, қорғасынның 10 пайызы шоғырланған. Сол сияқты еліміздегі төртінші мұнайлы аймақ болып табылатын бұл өңірде республикадағы мұнай, газ және конденсаттың 5 пайыздық мөлшері жинақталған. Ал өткен жылдан бері Құмкөл даласынан табиғатта сирек кездесетін ақ мұнай шығарыла бастады.
Соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісін өркендетуге көп көңіл бөле бастаған облыс аумағы әлі де агроөнеркәсіптік өңір болып табылады. Бұл жерде егіншілік түгелдей суармалы жүйеге бағындырылған. Соның ішінде күріш дақылының алатын орны өте үлкен. Өңірдің басты дақылы болып саналатын күріштің көлемі өткен ғасырдың 1985 жылдары облыста 85 мың гектарға дейін жеткен. Бірақ содан кейінгі жылдардағы су тапшылығы мен Арал апатының әсері аталмыш дақыл егілетін егістік алқабының көлемін күрт қысқаруына әкеп соқтырды. Дегенмен, соңғы жылдары өңірде күріштің бұрынғы даңқын көтеріп, көлемін арттыруға айрықша мән беріліп келеді. Соның арқасында жыл сайын ауқымы артып келе жатқан күріш егісінің көлемі биыл соңғы 25 жылдан бері қайталанбаған көрсеткіш - 77 339 гектарға жетті. Осы алқаптардан алынатын өнім де кейінгі 17 жылда болмаған көрсеткішті иеленді. Сөйтіп, жоғарыдағы жерлердің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім алынды. Бұған биыл іске қосылған Көксарай су реттешігінің пайдасы тиіп отыр. Оңтүстік қазақстан облысының аумағында орналасқан бұл су қоймасы қыс бойы артық суды өзінде жинап, Сырдың орта ағысы бойында тасқын орын алмауын қамтамасыз етумен бірге, көктем жәна жаз ааларында күрішке қажетті судың уақытылы және керекті мөлшерде беріліп тұруына, сөйтіп су тапшылығы болмауына септігін тигізді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған. Аумағы 97,99 мың. ш.км. Халқының саны 643,3 мың адам. Тұрғындардық этникалық құрамы қазақтар - 218,6 (33,7%) мың адам. Орыстар - 313,4 (48,3%) мың адам. Қалғандары басқа ұл т өкілдері.
Географиялық орналасуы. Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде, физикалық-географиялық жағынан алсақ - Батыс-Сібірдің оңтүстік шетінде және аздап Қазақ ұсақшоқылығының (Сары-Арқа) аумағында орналасқан. Облыстың солтүстік нүктесінің координаталары: 55˚26΄ с.е. (бұл Мәскеу ендігіне сәйкес келеді) және 68˚59΄ ш.б., шеткі оңтүстік нүктесінің - 52˚13΄ с.е. және 67˚19΄ ш.б., шеткі батыс нүктесінің - 54˚00΄ с.е. және 65˚57΄ ш.б., шығыс нүктесінің - 52˚50΄ с.е. және 74˚02΄ ш.б. Шеткі нүктелер арасында градустағы қашықтық бойлық бойынша 8˚05΄, ендік бойынша - 3˚13΄ құрайды. Солтүстік-оңтүстік бағыттағы шеткі нүктелер арасында тіке бойынша қашықтық 375 км, батыс-шығыс - 602 км тең. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Тамбов облыстарымен бір ендікте орналасқан. Алайда, олардан табиғи жағдайымен өзгешеленеді, теңіз бен мұхиттан алшақ орналасқаннан шұғыл континентті ауа райымен сипатталады. Өзінің және іргелес аумақтардың жалпы тегістігі ашық меридиональдық және ендік ауа айналымына себеп болады.
Облыс аумағы солтүстікте РФ Қорған, Түмен, және Омбы облыстарымен, оңтүстікте - ҚР, Ақмола облысымен, батыста - Қостанай және шығыста - Павлодар облыстарымен шектеседі.
Ауа райы және агроклиматтық ресурстар.Солтүстік Қазақстанның ең үлкен материктің ортасында орналасуы ауа райының шұғыл континенттілігін қалыптастырған, оған қатты жел және борандармен ұзақ қыс, қысқа да, ыстық жаз тән.
Облыста пайдалы қазбалардың көптеген түрі табылған және әртүрлі-деңгейде зерттелген. Пайдалы қазбалардың 286 көзі табылған. Оның ішінде 34 - металлдық, 2 - металдық емес, 217 - құрылыстық және технологиялық шикізат және 33 - жер асты су, олардың 6 минералды.
Облыстың аумағы Солтүстік Қазақстан уран кені, алмас және қалайы-сирек кездесетін метал провинциясының бөлігі болып табылады. Онда маңызды минералды шикізат қоры табылған, ол: қалайы -65%, цирконий- 36,6%, уран -19%, титан - 5%, вольфрам - 1,1% бойынша Қазақстан Республикасының балансында құрайды. Минералды-шикізат базасын кеңейту болашағы бар, әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысында. Мұнда пайдалы қазбалардың және алтын, күміс, техникалық және зергерлік алмас, қалайы, титан, түрлі түсті және сирек кездесетін метал, қоңыр көмірдің қоры бар.
Игеруге біршама дайындалғандары Грачев, Косачин, Семізбай уран көздері болып табылады. Обухов-титан-циркондік кені, Сырымбет - қалайы, Солтүстік-Байлюсты және Домбыралы-2 алтын көздері.
Кейбір құрылыс тастар мен құм көздері ғана пайдалануға берілген. Калибек және Жақсытұз көлдерінде ас тұзын өндіру жүргізіледі.