Қазақстан Бірыңғай кеден аумағын құруға толық дайындықпен жақындап келеді - Премьер-Министр К.Мәсімов

СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеден одағы аясында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде Қазақстан өзінің экономикалық дамуындағы маңызды кезеңдердің біріне жақындады.
None
None

Ол толық дайындалған, өз талаптары барынша ескерілген Бірыңғай кеден аумағын құру болып табылады. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді біздің бизнестің алдында үлкен жұмыс тұр. Кеден одағының жұмысы оның іскерлік белсенділігінің деңгейіне байланысты», деді К. Мәсімов. «Ал біздерді, әріптестер, Мемлекет басшысының бұдан да ауқымды тапсырмасын орындау - яғни, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды аяқтау жұмысы күтіп тұр», деді Премьер-Министр Үкімет мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде.

Айта кетейік, 2010 жылғы мамырдың 28-де Санкт-Петербор қаласында өткен Кеден одағының жоғары органы отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Кеден одағын құру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа қол қойылды. 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан мен Ресейдің арасында бірыңғай кедендік аумақты құруды, Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік шекараларды жоюды, жүктерді кедендік рәсімдеуді алып тастауды болжайтын Кеден одағының Кеден кодексі қолданылатын болады.

Үкімет басшысының айтуынша, кедендік аумақ әзірше Қазақстан мен Ресей арасында құрылатын болады. Беларус өзінің дайындығына қарай Кеден одағына қосылады деп болжануда. «Соңғы екі апта бойы атқарылған қауырт жұмыстың барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық келіспеушіліктер бойынша іс жүзінде тиісті келісімдер мен шешімдерге қол жеткізілді», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар