Қазақстан бізге жерұйық мекен болғаны үшін ілтипат білдіремін - Атыраудағы еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі П.Ткач

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Автор өз хатында шет елдерге тұрақты тұруға кеткен жақындарының күрделі жағдайлары туралы айтқан. П.Ткач солардың көпшілігі тілдік бейімделуге, әлеуметтік теңсіздікке, сондай-ақ қарулы қақтығыстарға байланысты түрлі қиындыққа ұшырап отырғанын атап көрсеткен.

Соған орай ол Нұрсұлтан Назарбаевқа елімізде татулық пен келісім саясатын жүргізіп отырғаны үшін ризашылығын білдірген, сонымен қатар қонақжайлығы мен кең пейілі үшін Қазақстан халқына алғыс айтқан.

«Қиын-қыстау жылдары қаншама адамға пана болдыңыздар, қолдау көрсеттіңіздер. Қазақстан бізге жерұйық мекен болғаны үшін және бәріміз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін сіздерге өзімнің ғана емес, бүкіл туғандарымның атынан бас иіп, ілтипат білдіремін. Біз белгіленген барлық реформаларды жүзеге асыратынымызға нық сенімдімін. Мен бұған өз тарапымнан бар күшім мен білімімді жұмсайтын боламын», - делінген хатта.

Соңғы жаңалықтар