Қазақстан бизнесмендері судьялардың жұмысын жеңілдетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бизнесмендері көптеген салықтық және кедендік пікірталастарды сотқа дейінгі тәртіпте шеше отырып, судьялардың жұмыстарын жеңілдетуге бел буып отыр.
None
None

Бүгін Жоғарғы соттағы селекторлық кеңесте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлім етті.

«Салықтық, кедендік, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты көптеген дау-дамайдан босату керек екенін көріп отырмыз. Бұндай өтінімдердің саны артып келе жатыр»,-деді А. Мырзахметов.

Оның пайымынша, кейбір істерді сотқа дейінгі реттеуге беру жеңіл болады. Осы идеяны жүзеге асыру үшін халықаралық тәжірибе зерттелуде.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы мәселелер толық айқындалды және жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салықтық пен кедендік саладағы сотқа дейінгі апелляцияның тетігі енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар