Қазақстан БҚО-ға Ресей каналынан су алғаны үшін 5 млрд теңге төлеп отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Саратов каналынан су алу Қазақстан бюджетіне қандай салмақ салғанын айтты.

деньги, тенге, ақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жанғалы аудандарына Ресейдің Саратов каналынан су алып, ол үшін ақы төлеп отыр. Ал сіз жаңа Ресейге су үшін ешқандай ақша төлемейтінімізді айттыңыз? Солай болса, бұл аудандарға Ресей суды тегін беріп отыр ма, — деп сұрады журналист.

Министр аталған аудандарға Ресейден су алғаны үшін бюджет қаражаты жұмсалатынын растады. Бірақ ол ақша судың өзіне емес, тасымал шығындарына төленетінін нақтылады.

— Бұл жерде Ресейге судың ақысына ақша төлеп отырған жоқпыз. Каналдан суды айдап жеткізу үшін электр қуаты жұмсалады. Сол жұмсалған тоқтың құнын төлейміз. Оның көлемі жылына 5 млрд теңге, — деді министр.

Айта кету керек, Каспий мәселесін шешу аясында Қазақстан Ресейге Еділ суын бірлесіп реттеу туралы ұсыныс жасамақшы

Соңғы жаңалықтар