Қазақстан бокс құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында бокстан аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, соңғы он жылдағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

Бұдан 10 жыл бұрын Алматыда өткен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алған еді.

Ташкенттегі додада шаршы алаң иелері - өзбекстандық боксшылар 5 алтын, 2 күміс, 2 қоламен көш бастады.

Ресей құрамасы (2 алтын, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы медальдар кестесі:

1.Өзбекстан (5-2-2).

2.Қазақстан (4-1-0).

3.Ресей (2-0-4).

4.Куба (1-3-2).

5.Франция (1-1-1).

6.Грузия (0-1-2).

7.Моңғолия (0-1-1).

7.Бразилия (0-1-1).

7.Әзербайжан (0-1-1).

10.Қытай (0-1-0).

10.Италия (0-1-0).

12.Үндістан (0-0-3).

12.Испания (0-0-3).

14.Армения (0-0-2).

15.Қырғызстан (0-0-1).

15.Иордания (0-0-1).

15.Тәжікстан (0-0-1).

15.Мексика (0-0-1).

Чемпионатта Халықараралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Қазақстандық боксшылар барлығы 1,3 млн доллар табыс тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Махмұд Сабырханның өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды.

Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Нұрбек Оралбай Қазақстаннан төртінші болып әлем чемпионы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.


Соңғы жаңалықтар
telegram