Қазақстан болашақта аймақтық қаржы орталығы рөліне үміткер бола алады - әлемдік зияткерлік элита

АТЫ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Қазақстан үкіметтері, премьер-министрлері және ұлттық банктері қазіргі өтпелі кезеңде неғұрлым тиімді және нәтижелі жұмыс істейтін елдердің тізіміне кірді. Бұл туралы  Екатеринборда 2009 жылғы маусымда өткен БРИК саммитіне даярланған «Дағдарыстан кейінгі әлемнің қаржылық құрылымы: шешімдер тиімділігі» баяндамасында айтылған.
None
None

Алматыда жақында болған арнайы брифингіде бұл баяндаманы «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының директоры Екатерина Шипова ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2009 жыл ХХІ ғасырдың тарихына дағдарыс жылы болып қана енбейді. Ағымдағы жылдың басты оқиғасы - әлемдік қаржы реформасы туралы жаһандық пікірталастың өрістеуі. Осы жылғы ақпандағы Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форум, Лондондағы G20 сәуір саммиті, Екатеринборда өткен БРИК пен ШЫҰ-ның маусым саммиті, Италияда өтіп жатқан G20 саммиті, G20 қыркүйек саммиті, 2010 жылдың басында Бразилияда өтетін БРИК саммиті - бұлар жаһандық әлем құрылысының реформаларына даярлық кезеңдері. 1944 жылдан бері тап бүгінгідей әлемдік институттар мен қаржы институттарын реформалау бойынша мемлекеттердің мұндай ауқымды бірлескен жұмысы болған емес.

«Дағдарыстан кейінгі әлемнің қаржылық құрылымы: шешімдер тиімділігі» зерттеуі халықаралық ұжымдық сараптаманы тереңдете экономикалық зерттеумен ұштастырған бірегей тәжірибе болып табылады. Жаһандық сараптамалық сауалдамаға әлемнің 51 елінен 223 сарапшы: экономистер мен қаржы талдаушылары, компаниялар иелері мен топ-менеджерлері; экономикалық және саяси тақырыптарға қалам тартатын журналистер; гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласындағы ғалымдар; саясаткерлер мен дамыған және дамушы елдердің шенеуніктері қатысты. G20 саммитінің 60 жұмыс құжаттарына талдау жасау негізінде «Үлкен жиырмалықтың» шешімдеріне баға берілді, болашақ саммиттің күн тәртібі бойынша ұсыныстар айтылды.

Әлемдік дағдарыстың негізінде дамыған және дамушы әлем арасындағы капиталды бөлудегі теңсіздіктер жатыр. 1999 жылдан бастап 142 дамушы елдің жалпы ұлттық жинақтары бұл елдерге тартылған инвестициялар көлемінен асып түсе бастады, және де жинақтар мен инвестициялар арасындағы алшақтық барған сайын бұрынғыдан да ұлғая түсуде. Осыған сәйкес бұл елдердің ағымдағы шоттарында баланс профициті пайда болып, өсе түсуде. Бұл соңғы онжылдық бойы дамыған елдер дамушы елдердің жинақтарын өз пайдасына қарай қайта бөледі деген сөз.

Капиталдың жаһандық ағыны конфигурациясын өзінің табиғи арнасына бұруға тырысу (теориялық постулаттар мен экономикалық мақсаттарға сәйкес) дамыған елдердің әл-ауқаты деңгейінің құлдырауына әкеп соғады - «алтын миллиард» деп аталатын бұл әрекеттерді саяси көзқарас жағынан алып қарағанда практикалық жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі конфигурациялардың сақталуы қарама-қайшылықтардың одан әрі қордалануына соқтырады, бүкіләлемдік экономикалық дамудың белгіленген факторларының іргесін шайқалтады, айналып келгенде, бұл қарама-қарсылық өте өткір дағдарысты түрде шешіледі. Мұның бәрі таяудағы 10-15 жылда айқын байқалған өркениеттік дағдарыстың басталуы болмай қоймайтын жағдайға жеткізеді, сондықтан да қордаланған қарама-қайшылықтарды шешудің өзара жарамды формаларын іздестіру адамзаттың басымдықты міндеттерінің бірі болуы тиіс.

 Өркениеттік дағдарыстың қалыптасқан жағдайында әділеттілік ұстанымы тиімділік ұстанымына тең дәрежеде. Әділеттілік ұстанымына сәйкес келмейтін кез келген шешім жүзеге аспайды, сондықтан да тиімсіз.

Тепе-теңдіктің бұзылуы үш басты факторда жатыр: олар - әлемдік резервтік валюта ретіндегі доллардың монополиясы, елдердің инвестициялық тартымдылығын бағалаудағы рейтингі агенттіктерінің монополиясы, жаһандық деңгейдегі саяси шешімдерде дамушы елдер өкілдігінің жеткіліксіз болуы. Әлемдік пікірсайыста бұлар күн тәртібіндегі басты мәселелер болуы тиіс.

 Сарапшылық қоғамдастықтың көңіл-күйі саяси және іскерлік элита тарапынан ХХ ғасырда құрылған халықаралық қаржы институттарына (Халықаралық валюта қоры, Халықаралық банк және т.б.) сенім дағдарысын дәлелдейді.  Бұл жағдайда бастама үкіметтердің тікелей бастамаларына, сондай-ақ жаңа тұрпатты халықаралық ұйымдарға (Қаржылық тұрақтылық кеңесі) көшеді.

Зерттеулер сарапшылар ең алдымен әлемдік валюта жүйесінің эволюциялық өзгерістерін күтуде екенін көрсетеді. Неғұрлым кең тараған ұстаным мынадай. Алғашқы қысқа мерзімдік кезеңде бізді АҚШ долларының жетекші рөлі күтеді. Бұдан кейін ортамерзімдік кезеңде - аймақтық валюталар бірте-бірте күшейеді және еуро, юань және басқалар базасында  резервтік валюталар қоржыны жасалады. Алыс келешекте - қандай да бір ұлттық валютаға байластырылмаған  жаңа тұрпатты бірыңғай әлемдік резервтік валюта жасалады. Мұндай перспективалар Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің және Оңтүстік Кореяның жаңа тұрпатты әлемдік валюта жасау туралы бастамаларында көрініс тапқан.

Бүгінде біз жаһандық шешімдер қабылдауда халықаралық қатысудың түбегейлі кеңеюі табалдырығында тұрмыз. Жыл өткен сайын Дамушы әлемнің үні салмақтырақ естілуде. Дегенмен де, зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, «Үлкен жиырмалық» форматында дамушы экономика елдерінің мүддесін білдіру әлі өте әлсіз. Сондықтан да  олардың арасынан дағдарысқа қарсы «серпінді» шешімдерді  ұсынатын елдердің - «жаңа кейіпкерлердің» пайда болуын күту өзекті болып тұр. Жаңа кейіпкерлердің пайда болуы әлемнің көпполярлылыққа қарай қозғалуы үрдісін көрсетеді. Әлемдік дағдарыс барысында және одан шығуда күшейіп келе жатқан елдер экономикалық табысын жаңа саяси мәртебесімен нығайта түсері кәміл. 

Көптеген сарапшылар «жаңа кейіпкерлердің» арасында Ресейдің қатысуынсыз, бұрынғы кеңестік кеңістікте дағдарысқа қарсы майданда идеялары мен табыстары көпұлтты сарапшылық қоғамдастықтың назарын аударған бірден-бір ел болған Қазақстанды атады. Қазақстан БРИК-ке (Бразилия, Ресей, Иран, Қытай) кірмеген елдердің қатарында, сарапшылардың пікірінше, ол қаржы секторындағы неғұрлым көңіл аударарлық шешімдерді ұсынатын әлемдік қаржы жүйесінде, сонымен қатар мемлекеттер рейтингісінде зор рөл атқаратын болады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «жаңа толқын» көшбасылардың бірі деп аталып жүр.

Сонымен қатар Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания, және Германия сияқты дәстүрлі экономикалық және қаржы көшбасшыларымен,  сондай-ақ барлық БРИК елдерімен қатар үкіметтері, премьер-министрлері және ұлттық банктері бүгінде неғұрлым тиімді нәтижелі жұмыс істеп жатқан зерттеуге қатысушы елдер тізіміне кірді. Бұдан басқа, Қазақстанды әлемдік зияткерлік элита Ресейден басқа бұрынғы кеңестік кеңістік елдері арасындағы болашақта бірден-бір аймақтық қаржы орталығы рөліне үміткер ел ретінде аталды.  

Жаһандық пікірталаста елдің жаңа мәртебесін қамтамасыз ететін факторлардың арасында сарапшылар Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея қолдап отырған Президент Н.Назарбаевтың жаһандық бастамаларын, 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы саясатының табыстарын, Қазақстанның Халықаралық валюта қорының қаржылай көмегінен тәуелсіздігін, ХХІ ғасырдағы геосаяси доктрина ретіндегі республиканың сыртқы саясатының көпвекторлылығын бөліп көрсетуде. Нақ осы Қазақстан «Батыс - мұсылман әлемі», «Ежелгі өнеркәсіпті елдер - Дамушы әлем» диалогын ұйымдастырушы болуға қабілетті. 

Сарашылар қоғамдастықтарының пікірінше, дамушы әлемде бүгінде көшбасшы мемлекет жоқ. Қытай бұл орынға таласа алмайды. Ол өзінің мүддесін көздейтін және өз тәртібін орнатуға үмітті жаңа үлкен держава ретінде қабылдануда. Ресейге қатысты Батыс елдерінен де, дамушы әлем елдерінен көп үміт күтілуде, алайда талдаушылар Ресейге бүгінде ол ұсына алатыннан көбірек үміт артып отыр.

Бұл жағдайда үлкен рөл Қазақстанның үлесіне тимек. Ол Ресеймен бірге БРИК алаңы арқылы жаңа жаһандық бастамаларды ғана емес, ШЫҰ, А20, сондай-ақ басқа да блоктар мен коалициялар  арқылы өз идеяларын да алға жылжытуға қабілетті. Сондықтан да бүгінде Қазақстан Ресейге қарағанда жаһандық күн тәртібіне жақсырақ орайласа алады.

Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемнің «жаңа кейіпкерінің» бірі ғана емес. Ол әзірге G8 және G20 ауқымындағы жаһандық пікірсайыстар саммиттерінде мүдделері бәсең естіліп жүрген жаңа өнеркәсіпті елдердің көшбасшысы бола алады.   

ҚазАқпарат анықтамасы: «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қоры Мәскеуде 2009 жылдың басында Ресейдің бірқатар танымал ұйымдары: «Қоғамдық пікір» қоры; «Бизнес-ынтымақтастық» коммерциялық емес орталығы, «Қор нарығын дамыту орталығы» қоры және басқаларының бастамаларымен құрылған тәуелсіз талдау орталығы.

Институт қызметі, ең алдымен шағын және орта бизнестің ойдағыдай қызмет істеуіне қолайлы ахуал туғызуға қатысты сарапшылық қоғамдастықтар, іскер топтар, азаматтық қоғамдар мен үкіметтік құрылымдар арасында дағдарысқа қарсы тиімді шешімдер қабылдау жөнінде диалогты дамытуға жәрдемдесуі тиіс.

Бұл жоба - Институттың екінші халықаралық зерттеуі. Біріншісі - «PostСССР: үкіметтердің дағдарысқа қарсы іс-қимылдарын бағалау» зерттеуі осы жылғы наурызда жұртшылыққа ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар